Король ислам әдебінің жарқын үлгісін көрсетті (видео)
Король ислам әдебінің жарқын үлгісін көрсетті (видео)
8 жыл бұрын 2949

Марокко королі Мұхаммед алтыншы елдің көрнекті тұлғаларын марапаттауға арналған салтанатты шарада ислам әдебінің жарқын үлгісін көрсете білді. Аталған елдің игі жақсылары мен жайсаңдары жиналған кеште марапатталған қоғамдық ұйымдардың бірінің әйел жетекшісі батсықа тән салтпен монархты сүймек болғанда король шариғат талаптарынан аттамай, арақашықты сақтап, әйелдің мұндай оғаш қылығына мүмкіндік берген жоқ. Айта кетейік, король Мұхаммед алтыншы Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) руы болып табылатын Құрайыштардан тарайтын хашимиттердің өкілі. 

0 пікір
Мұрағат