Инфрақұрылымға салынған инвестиция көлемі әлем бойынша рекордтық көрсеткішке жетті
Инфрақұрылымға салынған инвестиция көлемі әлем бойынша рекордтық көрсеткішке жетті
7 жыл бұрын 3152 egemen.kz

2016 жылы әлем бойынша жеке сектордың инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы 14% өсіп, рекордтық 413 млрд долларға жетті, деп жазады Preqin.

Ал осы салада жасалған келісімшарттар саны алдыңғы жылғы көлемде сақталып отыр, яғни 1772 жоба бойынша келісімшарт жасалған. Бұл өз кезегінде жоба саны өспегенімен, ондағы қаржы көлемінің ұлғайғанынан хабар береді. Жалпы, 2013 жылдан бері осы салада жасалған келісімшарттар 1700-1800 аралығында.

«Соңғы онжылдықта инфрақұрылымға деген сұраныс артты. Сол үшін салада бәсекелестік пайда болды», — дейді Preqin қызметкері Том Карр. Атап айтар болсақ, дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобалар инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр.

Қазір инфраұрылымға инвестор табу оңайлаған. Өйткені, ірі қорлар миллиардтаған долларлық инфрақұрылымдық қорлар ұйымдастыруда. Том Каррдың айтуынша, 2017 жылы да инфрақұрылым саласындағы өсім қарқыны сақталмақ.

Инфрақұрылымдық жобаларға деген қызығушылық жоғары болғанымен, инвесторлар бірінші кезекте қайтарымы тез әуежай, ақылы жол секілді жобаларға басымдылық береді.

Зейнетақы қоры мен ірі компаниялардың активін басқарушы компаниялар секілді ірі инвесторлар Еуропада инфрақұрылымдық саясаттың өзгергенін күтіп отыр. 2016 жылы Еуропада құны 97 млрд теңге болатын 555 жоба қолға алынған.

Ад Азияда былтыр келісімшарт саны рекордтық деңгейге жетіп, 131 млрд доллардың 552 жобасы басталды.

0 пікір
Мұрағат