Христиан профессордың құрметіне намазхана ашылды
Христиан профессордың құрметіне намазхана ашылды
6 жыл бұрын 3202 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Айова штатында орын тепкен католиктер университетінде осы жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген мұсылман студенттер үшін намазхана ашылды. Намазхананың дәрет алатын орны ерлерге және әйелдерге бөлінген. Аталған білім ордасының қабырғасында ашылған намазхана өткен жылы 69 жасында дүние салған әлемдік діндер профессоры Джо ДеФрансисконың құрметіне ашылды. Нақтырақ айтқанда, Давенпорттағы әулие Амвросия университетінің президенті Джоан Лещински дінтанушы профессорға осылайша құрмет көрсетуден басқа лайықты жолын көрмегендерін жеткізді. Оның бұрынғы шәкірттері де профессордың үлгісімен шіркеулер мен мешіттерді қатар көріп, жиі бас сұғудың арқасында дінтану саласы айтарлықтай алға басқанын атап өтті. Десе де бұл бастамаға консервативті католиктер сын айтып, наразылық білдіріп отыр. Олардың бұл сынына уақыт талабының басқаша екені, қазіргі уақытта студенттердің дені секуляризмге бой алдырғандықтан бұрынғыша өздерін католик немесе протестант санамайтынын алға тартып, жауап берілді. 

0 пікір
Мұрағат