Эфиопиялық мұсылмандардың дәстүрлі баспанасы (фото)
Эфиопиялық мұсылмандардың дәстүрлі баспанасы (фото)
5 жыл бұрын 3296 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Эфиопиялық тұрғындардың әлі де болса едәуір бөлігі, соның ішінде жергілікті мұсылмандар ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі, лай мен сабаннан соғылған, шыбықтан өрілген баспанада тұрады. Бұл жайында aa.com.tr ақпарат көзі хабар таратты. Десе де аталған ел аумағындағы әр тайпаның бір қарағанда бірдей көрінетін тұрғын үйлерінің сәулеті мен құрылысында сәл де болса айырмашылық кездеседі. Шатыры қамыстан мұндай үйлер әдетте екі бөлмеден тұрады. Бреуінде ас пісіріп, тамақтанса, екіншісінде ұйықтайды. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалған мұндай үйлерді осыдан жиырма жыл бұрын қалалық елді-мекендерден де кезігетін. Бүгінде тек ауылдық жерлерде ғана сақталған. Мұндай баспана Эфиопиядағы 80-нен аса тіл мен диалектіде әрқалай аталады. Яғни, 80-нен аса атауы бар. Мүбәрак Рашид есімді байырғы тұрғын мұндай үйлер өздерінің мәдениетін танытатынын әрі жергілікті мұсылмандардың бірден-бір баспанасы екенін тілге тиек етті. Хадия аймағында тұратын Ибрагим Ислам есімді тағы бір тұрғын туған сәтінен бастап осы үйде тұрып келе жатқанын жеткізді. Осындай үйде балдәурен балалық шағы өтті, осы үйде есейді, осы үйде перзент сүйді...

0 пікір
Мұрағат