Билл Гейтс 2016 жылы оқыған кітаптарының ең үздіктерін ұсынды
Билл Гейтс 2016 жылы оқыған кітаптарының ең үздіктерін ұсынды
7 жыл бұрын 3800 7kun.kz Фото: lifehacker.ru Адина Анарбек

«Мен үшін жаңа нәрсе білудің бірден бір жолы кітап болып қала береді». Microsoft компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс Gatesnotes сайтына берген сұхбатында осылай деді. Осыдан Билл Гейтс үшін мәлімет алудың негізгі жолы кітап екенін байқауға болады.

«Мен ешқашан бүгінгідей оқуға құлшынбаппын. Жас кезімде өз бетіммен оқитын мүмкіндік аз еді. Үйде Бүкіләлемдік энциклопедиялар жинағы болатын. Сол кітапты алфавиттік реттілікпен бастан аяқ оқып шықтым. Алайда ешқандай онлайн курстар, видеодәрістер, ешбіржаңа идея көреретін дереккөздер болған жоқ»,-деп еске түсіреді Гейтс.

«Бала кезімнен аптасына шамамен бір кітап оқитынмын. Тіпті күнім тығыз болған кезде аз ғана уақытымды кітап оқуға бөлуге тырысатынмын»,- дейді автор.

Осылайша Билл Гейтс  2016 жылы оқыған кітаптарының ішінде өзіне ерекше әсер еткен кітаптардың атын атады. Назарларыңызға сол кітаптарды ұсынамыз:

  1. Струн теориясы, Дэвид Фостер Уоллес

Кітаптың атауына қарап физикаға қатысы бар деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін. Алайда аталмыш кітаптың ол ғылымға мүлде қатысы жоқ. Есесіне атауының арқасында ұшақта немесе пойызда оқитын болсаңыз ақылды болып көрінуіңіздің ықтималдылығы жоғарылай түседі. Струн теориясы – Уоллестің теннис туралы жазған эсселер жинағы. Жинақ бес эсседен тұрады. Кітапты түсіну үшін теннисті көрудің немесе ойнаудың қажеті жоқ. Себебі автордың түсіндіру шеберлігі Роджер Федерердің ойнау шеберлігінен кем емес.

  1. Жетістікке жетудің жолдары, Фил Найт

Аталмыш кітапты атақты Nike компаниясының негізін қалаушыларының бірі жазған. Бизнесте жетістікке жетудің қаншалықты қиын, шиелініске, әрі қатеге толы екенін баяндайтын мемуар.  Ең бастысы автор барлығын үлкен шынайылықпен бүкпесіз жазған. Сондықтан керемет деген баға беруге әбден лайық.

  1. Ген, Сиддхартха Мукерджи

Мукерджи Колумбия университетінде болашақ дәрігерлерге сабақ беруімен қоймай өзі де дәрігерлік қызметпен айналысады. Сонымен қоса Пулитцер сыйлығының иегері. Жаңа кітабында ол генетиканың қазіргі күйі, болашығы және өткені туралы баяндайды.

  1. Қуатты көшбасшы туралы миф, Арчи Браун

Браун – Оксфорд университетінің профессоры. Ол 50 жылға жуық саяси жетекшіліктің қыр сырын зерттеген. Браун өз кітабында тарихқа өз ізін қалдырған, адам дамуына қандай да бір ықпалын тигізген көшбасшылардың шын мәнісінде «күшті» еместігін дәлелдеген. Керісінше олар келісімге келуге даяр, өкілдік құқығын беруге және келіссөз жүргізуге дайын адам екендерін көрсеткен. Аталмыш кітапты 2014 жылы жазған Браун қозғаған мәселесінің 2016 жылы актуальділігі арта түсетінің ойламаған да.

  1. Тор (немесе Электр желісі), Гретчен Бакке

Кітапта біздің ескіре бастаған электр жүйеміз туралы жазылған. Бұл туынды менің ең сүйікті жанрымда жазылған. Яғни, «тұрмыс туралы жазылған қызықты кітап» жанры. Егер сіз үйіңізге электр тоғы қалай келетіні жайлы ешқашан ойланбасаңыз осы кітап пайдалы болады. Себебі кітапты оқу арқылы электр жүйесінің инженерлер ойлап тапқан ғажайыптардың бірі екеніне көз жеткізесіз. Сонымен қоса электр жүйесінің жетілдірілуі біздің ортақ болашағымыз үшін маңызды екенін түсінесіз.

0 пікір
Мұрағат