Қытайлар азаматтарын Қазақстан сауда базарларына жаппай келуге шақырып, жарнамалап жатыр
Қытайлар азаматтарын Қазақстан сауда базарларына жаппай келуге шақырып, жарнамалап жатыр
7 жыл бұрын 4846

Әдетте Қытай бір үлкен жобаны жоспарлап, қабырғасын қаламастан екі жыл бұрын жарнамасын жасайды. Қытай халқы бір жерді толықтай сатып алмаса немесе 40-50 жыл жалға алмаса атын дабырайтып айтпайды. «Қамшы» порталы поштасына қытайлардың қитұрқы жарнамасы туралы материал келіп түсті. Жарнамадағы жазудың қазақша аудармасында Қытайлар Алматыдағы «Қытай сауда орталығына» өз халқынан инвесторлар шақырады. Қытай азаматтарын Қазақстанға шақырған жарнама мазмұны бойынша, келетін адамға қойылатын талап 20 мың доллар қаржы қосса болғаны 30 шаршы метрлік сауда үйіне ие бола алады. Тіпті жарнамада базардағы салықтың жоқтың қасы екені айтылған. Сондай-ақ кең алаңды автопарк, қатынастың қолайлылығы, қонақүй мен дүкендердің жақындығы айтылған жарнамада Қазақстанға келші қытайларға визаның да қиындықсыз ашылатыны жазылған. Кісі санына шектеудің жоқ екенін айтып, бос жатқан жердің көп екенін айрықша ескерткен.

image

Айта кететін болсақ, Қазақстанда жұмыс істейтін Қытай азаматтарының көбейіп жатқандығы туралы қоғамда алаңдаушылық бар. Бұл туралы қазақ тілді баспасөз жиі-жиі жазып келеді. Сондай-ақ Қазақстанда шетелдік азаматтармен салыстырғанда өз азаматтарымыздың бірдей жұмыста төмен жалақы алатыны туралы да еңбек дауы жиі туындап келеді. «Қамшы» сілтейді Қытай қарақытай қазақстан баз

 

0 пікір
Мұрағат