АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының шиеленісуі 2017 жылдың басты қауіп-қатері
АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының шиеленісуі 2017 жылдың басты қауіп-қатері
7 жыл бұрын 3438 qamshy.kz

Ресей мен НАТО-ға мүше елдердің өзара қарым-қатынасының шиеленісуі әлемге қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы америкалық Кеңестің «2017 жылы қатаң қадағалауда ұстау қажет басты қауіп-қатерлер» атты баяндамасында жазылған деп хабарлайды ria.ru. Ресей мен АҚШ арасындағы жаңа кезең немен басталуы мүмкін екенін NI айтып берді. Мәскеу мен баяндаманы жасаушы альянс арасындағы болуы мүмкін қақтығысты қауіптің «жоғары» деңгейіне қойған. Ал оның жүзеге асу мүмкіндігіне «орташа» деген баға берді. Құжатта «Шығыс Еуропа территориясында Ресейдің агресивті әрекеті, мақсатты түрде немесе алдын ала жоспарланбаған әскери текетіреске алып келуі мүмкін» деп көрсетілген. Осы санатта екінші орында - «Ядролық қаруды сынаумен, әскери араңдату және ішкі саяси тұрақсыздыққа байланысты КХДР дағдарысы» тұр. Көшбасшы үштікті «америкалық инфрақұрылымға» ірі хакерлік шабуыл мүмкіндігі тәмәдайды. Авторлардың ойынша 2017 жылы болуы мүмкін тағы бір салмақты қауіп – АҚШ-тағы немесе одақтас елдердің территориясындағы теракті. Қара теңізде НАТО тобын құру идеясын Лавров "арандату" деп атады. Кеңес әлемге әсерін «орта», ал жүзеге асу мүмкіндігін «жоғары» деп тапқан қауіп деңгейін, Ауғаныстанда зорлық-зомбылық көбейіп кету қаупі бастап тұр. Авторлар дәл осы санатқа Түркия мен күрдтер арасындағы шиеленіс пен Сириядағы азаматтық соғыстың кең белең алуын да дәл осы санатқа жатқызды. Мұнда басқа да елдердің де басқыншылық әрекеті туралы айтылуы мүмкін. Аталмыш баяндама 2008 жылдан бері шығып келеді. Онда алдағы жылы болуы мүмкін қақтығыстар жазылады.

0 пікір
Мұрағат