Араб түбегіндегі бір құпияның жауабы белгілі болды (фото)
Араб түбегіндегі бір құпияның жауабы белгілі болды (фото)
1 жыл бұрын 1199 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

V-тәрізді тас құрылымдарды алғаш рет өткен ғасырдың басында Ұлыбританиядан келген ұшқыштар байқаған. Көптеген жылдар бойы олардың пайда болу себебі ғалымдар үшін құпия болып келген еді. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Шөл батпырауықтары» деген атауға ие болған бұл көріністі ғалымдар дрондардың және жасанды жер серіктерінің көмегімен таспаға тартып алды. Кейбірі V-тәрізді құрылымдардың соңында шұңқырлар табылғанын айта кету керек, басқаларында жартастар мен қоршаулар болды. Мұның бәрі аң аулау кезінде арнайы пайдаланылған құрылыс екені белгілі болып отыр. Көбінесе қарақұйрықтар мен басқа да шөп қоректі тұяқтыларды, арасында түйеқұстарды осындай тұзақтың көмегімен аулаған. Құрылымның кей бөлігін жабайы жануарларды қолға үйрету, дәлірегі, үй жануарына айналдыру үшін пайдаланылғанын алға тартып тыр ғалымдар. 2022 жылдың басында Сауд Арабиясында жұмыс істейтін археологтар жоғалған жолдардың 530 шақырымдық желісін тапты. Олар елдің солтүстік-батысында орналасқан. Бұл көне жолдар бір оазистен екінші оазиске бастайтын мыңдаған бұралаң тас қорымдармен қоршалған. Осы оазистердің көпшілігінде «шөл батпырауықтары» да болған. Осынау ежелгі соқпақты тапқан археологтардың пайымдауынша, бұл жолды мыңдаған жылдар бұрын тіршілікке қолайлы жер іздеп саяхаттаған ежелгі көшпелілер пайдаланған.

0 пікір
Мұрағат