“Алматинский продукт” ЖШС өнімдері халал сертификатына ие болды
“Алматинский продукт” ЖШС өнімдері халал сертификатына ие болды
7 жыл бұрын 4002 muftyat.kz ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

Кондитерлік өнім өндіретін «Алматинский продукт» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның бақылауына алынды.

Аталмыш кәсіпорынның 8 түрлі (бамбук, карамель, вафельные трубочки, халва, брак, вафли, печенье польское, печенье) өнімдері толығымен зертханалық тексерістен өткізілді. Тексеріс нәтижесі оңынан болып, кәсіпорын «Халал» сертификатқа ие болды. Сертфикатты ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімінің маманы әрі «Халал Даму» ЖШС-ның жұмысшы тобының мүшесі Бауыржан Әлиұлы арнайы табыстады.

 
0 пікір
Мұрағат