Кәрі құрлықта антисемитизм бәсеңдеп, керісінше исламофобия өршуіне не түрткі болды?
Кәрі құрлықта антисемитизм бәсеңдеп, керісінше исламофобия өршуіне не түрткі болды?
7 жыл бұрын 4813 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тель-Авив қаласында орналасқан аса беделді Кантор орталығы университеті бүгінгі таңдағы әлем бойынша антисемитизм деңгейіне қатысты жыл сайынғы есебін жариялады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының зерттеушілері мен сарапшылары келтірген дерек пен дәйекке назар салсақ, Еуропадағы терактілер мен миграциялық дағдарыс кәрі құрлықта тұратын еврей диаспорасына деген ультраоңшылардың теріс қарым-қатынасынын бәсеңдеткен. ЕО-ға мүше Франция, Бельгия,  Нидерланды және Люксембургте антисемитизмнің бәсеңдегені байқалған. Есесіне, исламофобия өршіп кеткен. Тек бір ғана Германияның өзінде мұсылмандарға шабуыл үш есеге артқан - 2016 жылы 3 мыңдай шабуыл жасалған екен. 

0 пікір
Мұрағат