Алланың көркем есімдерінен аналарымыз жарысқа түсті (фото)
Алланың көркем есімдерінен аналарымыз жарысқа түсті (фото)
8 жыл бұрын 6065 muslim.kz

Кез келген мұсылман Алланың ұлылығына, ақырет күні мен тағдырға иман келтіргендей, Алланың көркем есімдеріне де иман келтіріп, Алладан дұға тілегенде сол есімдері арқылы құлшылық жасайды. Сондай әсерлердің бірі – құлдың Раббысына жүрегімен ғибадат етуі болып табылады. Ол Аллаға тәуекел ете бастайды. Қасиетті Құран Кәрімде: "Ең көркем есімдер Аллаға тән. Ендеше, сол есімдермен Одан тілеңдер", - деген "Ағраф" сүресінің 180-аятында.

Сонымен бірге ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Алланың жүзден бірі кем – тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оны түгендеп шықса, жәннатқа кіреді», – деген (Бұхари, Муслим) болатын.

Алланың көркем есімдерін ұлықтап, шәкірттерінің санасына сіңіру мақсатында мешітіміздің ұстазы Айша Тузелова Алланың көркем есімдерін мағынасымен қоса жатқа айтудан шәкірттері арасында жарыс ұйымдастырды. Жарысқа жиырма бестен астам аналарымыз бен қыздарымыз қатысып, өздерінің білімдерін таразыға салды. Жарыстың алғы сөзін ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы сөйледі:

- Осындай Тәуелсіз елде дініміз өркендеп, қанатын жайып, еркіндікте өмір сүріп келе жатырғанымызға Аллаға шүкіршілік етеміз. Соның ішінде аналарымыздың Құранға бет бұрып жатқанының өзі үлкен бақыт. Алланың кәләмы Құранды жаттап жүрген сіздердей әжелерімізбен мақатанамын. Бүгін керемет бір шараны куәсі болып тұрмыз. Аналарымыз бен қарындастарымыз Алланың көркем 99 есімдерін жаттап, жарысқа түскелі жатыр. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Кімде-кім Алланың 99 көркем есімдерін жаттаса, және сол аттарға лайық амал жасаса, ол пендені Алла жәннәтқа кіргізеді",-деген. Алла Сіздерді сондай жәннәттық құлдарынан еткей",-деп Алланың 99 көркем есімдері турасында бірнеше аяттар мен хадистерді келтіре кетіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа әділідік еткен ұстаздардың шешімі бойынша жүлделі ІІІ орынды Амантаева Ақниет, ІІ орынды Жұмекенова Миғраж, І орынды Базимова Камшат апаларымыз иеленді. Жеңімпаздар мен қалған қатысушыларға мешіт ұжымы атынан сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Жарыс соңында аналарымызға арналып ақ дастархан жайылды.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат