Әлемдегі ең үлкен мешіттің ашылуы (Фото)
Әлемдегі ең үлкен мешіттің ашылуы (Фото)
5 жыл бұрын 15003 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ыстамбұл шаһарында көптен күткен оқиға - әлемдегі ең үлкен мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Әлемдегі ең үлкен мешіт дейтінімз, мұсылмандардың аталған құлшылық үйінде бір мезгілде 63 мың адам намаз оқи алады. Бұл мешіт Ыстамбұл шаһарының ең биік жотасында орын тепкен. Үскідар ауданы аумағында орналасқан мешіттің жалпы ауданы 15 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Көкке ұмсынған алты мұнарасы бар. Биіктігі 107 метрге жетеді. Бұл жайында түріктердің Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Бұл мешіт тек үлкендігімен таңдай қақтырмайды, сонымен қатар, өзгеше сәулет өнерімен тамсандырады. Классикалық үлгі мен модерн сәтті үйлесім тапқан. 

 

0 пікір
Мұрағат