Әлем: 3D-принтерде басып шығарылған шашты өріп, бұйралауға болады (ВИДЕО)
Әлем: 3D-принтерде басып шығарылған шашты өріп, бұйралауға болады (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 3622

Карнего-Меллон университетінің ғалымдары 3D-принтерде шаш, қыл және жіптерді басып шығаруды үйренді, деп хабарлайды N+1. Эксперименттер бойынша баяндама мен толық мәліметтер информатикадан UIST 2015 конференциясында ұсынылады. Құралдың шаш құрылымын барынша нақты орындауы үшін, ғалымдар принтермен қосымша жұмыс істеуіне тура келді. Принтерден шаш пен қылды басып шығару, сондай-ақ шаштарды қаттылық дәрежесі бойынша өзгертуге сондай-ақ жылдамдықты арнайы реттеу және беріліп отырған бастапқы материалдың санын азайту мүмкіндік береді. 3D-принтерде басып шығарылған шашты тарауға, өруге, бұйралауға болады. 

 

АҚШ-ТА ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҮЙІНІҢ ТӨБЕСІНЕ КӨЛІК «ҚОНҒАН» (ВИДЕО)

АҚШ-тың Мичиган штатында 83 жастағы зейнеткердің үйіне Ford Mustang көлігі келіп «қонған». Бұл туралы «Қамшы» порталы korrespondent.net – ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үй иесі теледидар көріп отырып, тарс еткен дауыс етіген. Теледидарды сөндіріп, сыртқа шыққан ол үйінің төбесінде машинаның тұрғанын көрген.

Кейін көлік рөлінде гипогликемиямен (қан құрамында қант жетіспеушілік) ауыратын жүргізуші отырғаны анықталды. Жол бойында талмасы ұстап қалғаны жүргізушінің көлігі басқарусыз трассадан ауытқып, төменде орналасқан үйлердің бірінің төбесіне шығып кеткен.

 

 

 

Мұсылман әйелдің жанына отырудан қашпады

Facebook әлеуметтік желісінің бір пайдаланушысының жазбасын аз уақыттың ішінде оқығандардың қарасы көп. Көлікке мінген мұсылман әйелдің жанына отырудан өзге жолаушылар қашқанда Уокинг (Англия) қаласының тұрғыны Данте Койн мұндай ессіздікке бой алдырған жоқ. Нақтырақ айтқанда, пойыздың алтыншы вагонына кірген ол ниқаб киген әйелдің жалғыз отырғанын көреді. Өйткені, мұсылманша киінгендерді террорист санайтындар оның жанына отырудан бас тартқан. Buzzfeed ақпарат көзінің хабарлауынша, ағылшын жігіті: «Мен осында отырамын»,- деп дауыстай сөйлейді. Осыдан кейін барып қана өзге жолаушылар олардың жанына тізе бүккен. Діттеген жеріне жеткен мұсылман әйелі шығып бара жатып, ағылшын жігітінің құлағына сыбырлып, алғысын айтып кетеді. «Мені білетіндер әрдайым не нәрсе туралы қалжыңдасам да ешкімді ренжітпеуге және қолайсыз жағдайға қалдырмауға тырысатынымды біледі. Жігіттер, қарапайым болайық!»,- деп жазбасын аяқтапты ол аталған әлеуметтік желісінде. Оның бұл жазбасына 45 мың адам лайк басты.

0 пікір
Мұрағат