Әке мен бала туралы әсерлі ролик түсірілді (ВИДЕО)
Әке мен бала туралы әсерлі ролик түсірілді (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 6383

Қазақтың жас режиссері, «Он и Она» атты фильм арқылы Қазақстанға кең танылған Сәкен Жолдас «Қазпоштаның» көмегімен отбасы құндылықтары туралы әсерли ролик түсірген. Ролик енді «Қазпошта» компаниясының жарнамалық өнімі болады.

Небары 2 минут ішінде режиссер шалғайдағы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында қалған әке мен Алматы қаласында тұратын баланың өмірін баяндайды. Кезінде, әкесі ащы судың буымен баласын үйден қуып шыққан екен. Осылайша, әкесі мен ұлының арасында жылдарға созылған араздық орнайды. Бірақ, отбасын құрғаннан соң, әйелі сәби сыйлаған соң бала әкенің қадірін түсінеді. Ал, ауылда қалған әке күнде пошташы қыздың жолын күтіп, баласынан бір хабар күтіп жүреді. Баласы немересінің суретін, оған қоса, Алматыға пойыз билетін салып, әкесінен кешірім сұрап хат жазады. Осылайша, «Қазпошта» әке мен бала арасын қайта жалғаған поштаның пайдасын көрсете отырып, роликті «Қазпошта жақындатады» деп атаған.

Ал, режиссер Сәкен Жолдас Фэйсбуктегі жеке парақшасында бұл оқиға ішінара шын өмірден алынғанын  жазған.

«Құрметті достар! Жуырда Қанат Бейсекеевпен бірге «Қазпоштаның» көмегімен ішінара шын өмірден алынған әкесі мен ұлы арасындағы әлеуметтік оқиғаны түсірдік. Өз атымнан айтарым,  жақындарыңызға жиі хат жазыңыздар. Жалпы, хат жазу туралы идея маған қатты ұнаған. Қағаз бен қалам алып, хат жазып, марканы таңдап, бір хабар жіберу ерекше құбылыс емес пе!? Уақыттарыңыз шықса, ерінбей хат жазыңыздар! Жақындарыңыз бір қуанып қалады», - деген режиссер Қазпошта Қазақстанның барлық елді мекенінде жұмыс істейтінін еске салған.

Жалпы, Youtube-тағы «Қазпошта жақындатады» деген роликті екі күнде бес мыңға жуық адам көріп, өз бағасын берген.

0 пікір
Мұрағат