Жаһан: Имамдар сертификатталатын болады
Жаһан: Имамдар сертификатталатын болады
8 жыл бұрын 3493

Францияның негізгі мұсылмандар ұйымы экстремизмнің алдын алу үшін асыл дінімізді насихаттауға ресми рұқсат беруді қолға алатындарын мәлімдеді. Француз мұсылмандар кеңесінің президенті Әнуар  Кбибечтің айтуынша, имамдарға берілетін сертификат көлік жүргізушілеріне арналған куәлікке ұқсас болуы керек. Бұл құжат олардың толеранттылықты, бейбітшілікті насихаттайтынын растайтын болады. Бұл жайында "The Guardian» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш елдегі мұсылмандар кеңесі мұндай сертификатты имамдардың діни білімі мен Француз республикасының заңдарынан хабардар болуына қарай беретін болады.

Тұңғыш рет «әл-Азһардың» бөлімшесі ашылады

Әйгілі «әл-Азһар» университеті әлемде тұңғыш рет өз филиалын ашатын болды. Біріккен Араб Әмірлігінде. Аталмыш ислам жоғарғы оқу орнының шейхы Ахмет ат-Тайып БАӘ-нің ислам істері мен уақыптар ұйымының президенті Мұхаммед Матар әл-Каабимен келісімге қолдарын қойды.

 

Еуроодақтағы әрбір төртінші бала кедейлік шегінде 

Сейсенбіде Еуропарламент депутаттары Еуроодақ елдері балаларының кедейшілігі мен әлеуметтік теңсіздікпен күрес бойынша шараларды ұлғайтуға шақыратын қарарды мақұлдады.

Бұл туралы Еуропалық парламенті таратқан коммюникеде айтылды. 

«Еуростат» ЕО статистикалық бюросының ақпаратынша,  2014 жылы ЕО-дағы шамамен 26 млн. бала (18 жасқа толмаған) кедейлік пен әлеуметтік шектеу шегінде болды. Бұл ЕО-дағы барлық баланың 27,7%-ы.

«Кедейшілік тұрмыс кешіп отырған баланы ЕО-ның әр елінен табуға болады. Басым бөлігі Румыния (51%), Болгария (45,2%) және Венгрияда (41,4%), бұл көрсеткіш бойынша көш соңында Дания (14,5%), Финляндия (15,6%) және Швеция (16,7%) келеді», - деп атап өтті Еуропарламентте. 

Дұрыс тамақтанбайтын балалар (аштық)  мәселесі ЕО елдерінде де өршіп келеді. БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) деректерінше,  Эстония, Грекия және Италияда екі күннің бірінде ет, тауық еті және балықпен тамақтануға жағдайы келмейтін балалардың саны 2008 жылдан бері екі есеге артты.  

Еуропарламентте сапалы білім мен  медицинаға деген қолжетімділік проблемасы да бар екеніне сенімді. 

0 пікір
Мұрағат