20 мың теңгелік банкнот айналымға енді (видео)
20 мың теңгелік банкнот айналымға енді (видео)
8 жыл бұрын 3472

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстанда 20 мың теңгелік банкнот айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Дизайнерлердің айтуынша, 20 мың теңгелік қолданыста жүрген ұлттық валюталарымыздың стиліне ұқсас жасалған. Купюраның алдынғы бетінде Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі «Қазақ елі» монументі және тазалық пен өмірдің нышаны пырақты ат пен «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бейнеленген. Аталған купюраның 2013 жылы дайындалғанын атап өткен жөн. Айналымға енген сәттен бастап заңды төлем құралы болып саналады. Меңдібай Әлин, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері: - Бұл номиналды біраз уақыт бұрын бастағанбыз. Үлкен еңбек, жұмыс кетті. Өйткені мұнда жаңа технологиялар, жаңа көріністер, бұрын пайдаланбаған материалдардың барлығын осы банкнотта пайдаландық. 

 

0 пікір
Мұрағат