Батыс тыңшылары "жиһадқа" шақырып жүр (видео)
Батыс тыңшылары "жиһадқа" шақырып жүр (видео)
6 жыл бұрын 5009 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Діни үкімдерді бұрмалап, теріс түсіндіру және насихаттау арқылы исламды қаралау батыс тыңшыларының ежелгі әдісі. Қой терісін жамылған қасқырлар осылайша батыстың лас саяси науқандарын жүзеге асыруға атсалысып жүр. Таяуда ғана әшкере болған сондай тыңшылардың бірі, дәлірегі, соғыс жүріп жатқан Йемендегі "әл-Каида" лаңкестер тобында Әбу Омар ан-Насри деген атпен танымал британ барлау қызметінің құпия агенті Мортен Сторм қасиетті Құранды, шариғат талаптарымен танысып, арам мақсатына пайдаланған. Тісқаққан кәсіби тыңшы, тіпті, содырлар сапында ең сенімді әрі беделді тұлғаға айналған. Имам әрі уағызшы деңгейіне көтеріліп, мұсылмандарды тағуатқа (Саудияның, Мысырдың, Иорданияның және Сирияның билік басындағы элитасына) қарсы "жиһадқа" шақырған. Ол мұнымен ғана шектеліп қалмай жанкештілерді тәрбиелеуге үлес қосып, түрлі аймақтарда содырлар жасағын құруға атсалысқан. Ол кезінде, яғни, 2011 жылы Йемендегі "әл-Каиданың" көсемі Әнуар әл-Аулиакның көзін жою операциясына да қатысқан болып шықты. "әл-Каиданың" көсемін GPS жүйесі бойы тауып, америкалық әскери әуе күштерінің көмегімен өлтірді. Мортен Сторм Әнуар әл-Аулиаканың зайыбының сөмкесіне "жучок" аталып кеткен тыңшылық құрылғына орнатқан. Америкалық арнайы қызмет брианиялық баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жиып, өзінің кім екенін жасырмай жайып салғаны үшін уәдесінде тұрмай, келісім-шартқа сәйкес Мортен Стормға 5 млн долларын төлемей қояды. Мортен Сторм өзін атеист санайды. Алланың атымен зорлық-зомбылыққа, соғысқа шақырған тыңшылардың қарасы көп болып шыққан содырлар арасында. Оның айтуынша. 

 

0 пікір
Мұрағат