Сусамырдың тағы бір қатері анықталды
Сусамырдың тағы бір қатері анықталды
5 жыл бұрын 3284 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, диабет ерлердің ұрпақ өрбіту, әйелдердің бала көтеру қабілетін кемітеді. Яғни, ерлерді белсіздікке, әйелдердің бедеулікке шалдықтырады. Өйткені, әлем бойынша перзент сүюге қабілетті жастағы сусамыр дертіне шалдыққандардың 15 пайызы ұрпақ өрбіте алмай отыр. Ғалымдардың тұжырымына қарағанда, сусамыр ерлердің шәуқат ДНК-сын зақымдайды. Бұл өз кезегінде сперматозоидтердің санын азайтып қоймай, сонымен қатар, олардың жылжу қабілетін кемітеді. Әлбетте, өздеріңіз аңғарып отырғандай, сусамыр еркекті тікелей ұрпақ өрбіту қабілетінен айырмайды, алайда, ұрпақ өрбіту қабілетін едәуір кемітеді. Сусамыр әйелдердің поликистозды жұмыртқа синдромымен және бедеулікке апарып соқтыратын өзге де аутоиммундық аурулармен байланысты. Сондай-ақ, сусамыр әйелдер ағзасындағы глюкозаның санын өзгертеді, бұл өз кезегінде жатырдағы ұрықтандыру жұмыртқасының қызметін бұзады. Мұндай әйелдер бала көтере қалған жағдайда олардың түсік тастау ықтималдығы 60 пайызға дейін артып кетеді. Бұдан бөлек, сусамырмен ауыратын әйелдердің баласын мезгілі жетпей шала тууы қатері жоғары болады.

0 пікір
Мұрағат