Судың бұрын белгісіз болып келген тағы бір өзгешелігі кездейсоқ анықталды
Судың бұрын белгісіз болып келген тағы бір өзгешелігі кездейсоқ анықталды
4 жыл бұрын 1965 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары су молекулаларының кенеттен сутегі тотығын бөлетінін байқап қалды. Бұл жайында Sciencealert.com ақпарат көзі хабар таратты. Десе де ғалымдар судың бұл ерекшелігінің түп-төркіні неде жатқанын әзірге түсіндіре алар емес. Белгілі болғандай, суды 1-ден 20 мкм диаметріндегі көлемде тозаңға айналдыру кезінде сутегінің тотығы пайда болады. Ол үшін қандай да бір химиялық дәріні араластыру, сәулелену немесе катализатор секілді сыртқы әсер етуші факторлар қажет емес. Ғалымдар бұл жаңалыққа микротамшыда алтын наноқұрылымын жасауға қатысты зерттеу жүргізіп көрген кезде кездейсоқ білген.

0 пікір
Мұрағат