Сал ауруына шалдыққандардың қол-аяғын қозғалтуға арналған тың тәсіл ойлап табылды (видео)
Сал ауруына шалдыққандардың қол-аяғын қозғалтуға арналған тың тәсіл ойлап табылды (видео)
8 жыл бұрын 4189 24.kz

Америкалық ғалымдар сал ауруына шалдыққан адамдардың қол-аяғын қозғалтуға арналған жаңа технология ойлап тапты. Бұл үшін адам миының сезімталдық қасиетін оятып, жұмысын реттейтін бұршақтай ғана микрочип жасалған. Онда түрлі тапсырмаларды орындауға бейімделген 130 түрлі әрекет енгізілген. Осы арқылы науқас адам өзінің сезбей қалған қол-аяғын қозғалта алады. Әзірге құрылғының лабораториядағы үлгі ғана бар. Ғалымдар оны қоғамдағы қолданысқа жақын күндері шығарамыз деп отыр. Иэн Беркхарт, науқас: - Маған құрылғыны алғаш қосқанда өз көзіме өзім сенбедім. Үш жарым жылдан бері жансыз болып келген қолымды қозғалттым. Арманым - екі қолымды да қозғалту.

 

0 пікір
Мұрағат