Қан тамырларын зерттеудің жаңа технологиясы пайда болды
Қан тамырларын зерттеудің жаңа технологиясы пайда болды
2 жыл бұрын 2631 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Джон Хопкинс университетінің (АҚШ) ғалымдары 3D-визуализдаудың жаңа технологиясын асады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Nature Methods мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология жедел диагноз қоюға, яғни, ауруды анықтауға мүмкіндік береді әрі қан тамырларының бейнесін түрлі кеңістік ауқымында бере алады. Дәлірегі, мамандар сканерлеу үшін көрінетін ететін полимерлік қоспаны қан тамырларына жібереді. Бұл өзгеше технологияны ағзалар мен тіндерді диагностикалауда қолдануға болады. мамандар бұл технологияны тышқанның тіндеріне қолданып, сынап көрген екен, аталмыш тәсіл VascuViz деген атауға ие болды. Бұл тараптағы  тәжірибеде қан тамырларын толтыру үшін жылдам қататын полимерлік қоспа пайдаланылды. Ғалымдардың айтуынша, технология ірі артерия мен күре тамырдан бастап, титтей капиллярға дейінгі түрлі ауқымды қамти алады. Оның көмегімен әдеттегі әдіспен аңғару мүмкін емес ұсақ деталды да көруге болады. VascuViz организм қалыпта жағдайда болғанда және қандай да бір сырқат меңдегенде аса күрделі қан ағынының рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушаның тығыздығына дейінгі ақпаратты алуға көмектеспек. VascuViz технологиясының көмегімен жүргізілген зерттеу нәтижесінкомпьютерлік моделге жүктеп, аурудың қалай дамитынын түсіну үшін қан ағынын қадағалауға болады. Ғалымдардың сөзіне сенсек, аталған технология диагностиканы кешенді тәсілмен қамтамасыз етпек. Мәселен, магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография, микроскопия секілді әдістер жеке-жеке қолданылады. Ал жаңа технология қан тамырлары жағдайының үш өлшемді моделін қалыптастыра алады.

0 пікір
Мұрағат