Қан құрамын тазартатын жасушамен бірдей наноробот (видео)
Қан құрамын тазартатын жасушамен бірдей наноробот (видео)
5 жыл бұрын 3618 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары қанды бактерия мен улы заттардан тазартатын наноробот жасап шығарды. Бұл жайындағы мақала Science Robotics мерзімді басылымында жарияланды. Инженерлердің бір тобы аталған роботтың денесімен жұмыс істесе, тағы бір тобы оның қабығымен шұғылданды. Бұлай екіге бөлініп жұмыс істеуінің мәні конструкцияның негізін алтын наноталшық құрайтынында жатыр. Ал сыртқы жағы қан элементтерінің (тромбоцит және эритроцит) симбиозынан тұрады. Бұл өз кезегінде ақуыз жат обьектінің үстіңгі жағында жиналғанда пайда болатын биологиялық ластанудың алдын алады. Екіншіден, нанороботтың сырты қабындағы  әр элементтің өз атқарар қызметі бар: тромбоцит метициллинрезистенттік алтындатылған стафилококканың бактериясымен кіріктілірген, ал эритроцит олар бөлетін улы заттарды жинайды. Аталған наноробот адам шанының енінен 25 есе кіші, алайда, олар секундына 35 микрометр жылдамдықпен жыли алады. Сағатқа шаққанда - 0,000126-ға тең. Қозғалыс ультрдыбыстың әсерінен жүзеге асырылады. 

 

0 пікір
Мұрағат