Өлген адамдардың көздері де кәдеге жаратылады
Өлген адамдардың көздері де кәдеге жаратылады
8 жыл бұрын 2982 Stan.kz 24.kz Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Әзірбайжан адамдардың соқыр болып қалу жағдайларымен күресудің жаңа тәсілі өмірге келді. Республика милли меджлисі денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Иса Гулиев осыны жеткізді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» мерзімді басылымы хабарлайды. Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі көз ауруларының алдын алу мақсатында көз қарашағын алмастырып салу болып отыр. Бұл үшін өлген адамның көзін пайдалану ұсынылады. “Әзірбайжанда қазіргі таңда операцияның уақытында жасалмауынан мыңдаған адам көру қабілеттерінен айрылып қалып жатқан шығар. Біздің көз аурулары институтында оның түзетудің барлық жағдайлары жасалған, жақсы кадрлар да жеткілікті. Міне, олар өлген адам көзінің қарашығын ауру кісіге алмастырып салып бере алады”, — деді ол. Иса Гулиев ондай практиканың көршілес Иран мемлекетінде бар екенін ауызға алды. Онда көз қарашығының арнайы банкі жасалған. “Банк көз қарашықтарын шетелдерге де сатады. Және бағалары оншалықты қымбат та емес. Осыған байланысты біздің заңнама мен кеден тәртібіне аздаған өзгеріс енгізу керек, сол кезде Әзербайжанға сол жақтан көз қарашықтарын еш кедергісіз алып келе аламыз. Осылайша мыңдаған адамды су қараңғы соқыр болып қалудан сақтар едік. Бұл – өзекті мәселе, сондықтан мен оны күн тәртібіне енгізуді сұраймын”, — деді депутат. 

Қытай доңыздың көзін адамға салуды қолға алды (видео)

Қытай дәрігерлері доңыз көзінің ақ қабықшасын адамға салу операциясын жүзеге асыра бастады. Биоинженерлік зерттеу нәтижесінде 70 науқастың жанарына нұр біткен. Қазір күрделі операцияны жасайтын кәсіпқой хирургтер саусақпен санарлық. Осыған байланысты қазір білікті мамандар даярланып жатыр. Шэньчжэндегі шошқа фермасы еттен ғана пайда таппайды, жануардың жанарын адамға салумен айналысатын зерттеу орталығына сатады. Әлемдегі соқыр жандардың 5/1-і Қытайда тұрады. Бұл – 8 млн адам көруге зәру деген сөз. Науқастардың басым бөлігі шыршытты қабаттың ауруына шалдығады екен. Олар үшін жалғыз үміт – трансплантация. Шао Чжэнкан, халықаралық көзді қалпына келтіру орталығының бас директоры: - Соңғы 10 жылда біздің компания осы саланы зерттеу мен жаңалық ашуға 1 млрд юань жұмсады. Осы уақыт аралығында біз түрлі жануарларға зерттеу жүргіздік. Сиыр, қой, итке қарағанда доңыздың ақ қабықшасы құрамы жағынан адамдікіне өте жақын болып шықты. Осылайша өткен жылдан бері жаңа тәсілдің арқасында жанары солған жандарда үміт пайда болды. Айлап, тіпті жылдап донор күтетіндер үшін доңыз көзі нағыз көмектің өзі. Юань Цзинь, Чжуншань көз орталығының профессоры: - 2015 жылы ақ қабыршақты салу бойынша 5000 операция жасалған. Яғни, жыл бойы 5 мың донор ғана табылған. Ал миллиондаған адам болса сарылып күтіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, биоинженерлік технологияның арқасында науқас жандарға бір айдың ішінде операция жасалады. Соның бірі – Чжоу Ваньцзо. Өткен жылы сәуірде салынған көз тәуір көре бастаған. Чжоу Ваньцзо, емделуші: - Сол көзім түк көрмейтін, қазір жанарыма сәуле түсті. Бүгінде Қытайда доңыз көзінің шыршытты қабаты салынған 70 адам бар. Әзірге білікті мамандар тапшы. Сондықтан осы салада көз дәрігерлерін қайта даярлау жұмысы қолға алынды. Бұл елдегі 8 млн соқыр жанның барлық үміті соларда.

 

0 пікір
Мұрағат