Мыңдаған жылдарға созылатын тәжірибе: мына микроб мәліметті мәңгі сақтайтын «жадыға» айналуы мүмкін
Мыңдаған жылдарға созылатын тәжірибе: мына  микроб мәліметті мәңгі сақтайтын «жадыға» айналуы мүмкін
4 жыл бұрын 2553 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гарвард университетінде мерзімі белгіленбеген тәжірибе іске қосылды. Мерзімі белгіленбеген дейтініміз, аталмыш тәжірибе мыңдаған жылдарға созуылуы мүмкін. Бұл идияның авторы – қылқаламшы әрі пәлсафашы Джо Дэвис. Ол мәліметті мәңгіге сақтай алатын мінсіз кандидатты іздеген. Осы мақсатта ол ақпараттың екі толқынын Halobacterium salinarum деп аталатын микробтың ДНК-сына жазды. Ал мәліметтің сақталатынын немесе сақталмайтынын араға бірнеше жыл салып тексеріп тұратын болады. Десе де осы орайда Джо Дэвистің бұл идеясы тыңнан түрен салынған бастама емес, бұрыннан барын айта кету керек. Бұрын да мұндай тәжірибе жүргізіліп көрген екен. Алайда, ғалымдар тығырыққа тіреле берген көрінеді – тірі табиғат құбылмалы ғой: мутация орын алады, т.б. факторлар әсерінен жануар ДНК молекуласында мәліметтердің сақталуына кепілдік болмайтынына көз жеткізіп отырған. Ал біз сөз етіп отырған, тұзды ерітіндідегі тіршілікке бейімделген Halobacterium salinarum микробы бұл бағытта ғалымдардың үмітін ақтауы мүмкін. Олай дейтініміз, Halobacterium salinarum – тұзды ортада тек тіршілік етіп қоймай, сонымен қатар, өзінше анабиоз халіне ене алатын архей. Естеріңізде болса, анабиоздың не екенін осыдан үш ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Ғалымдар адамды тұңғыш рет анабиоз халіне келтірді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-adamdy-tungysh-ret-anabioz-haline-keltirdi-12735#gsc.tab=0) материалымызда айтып өткенбіз. Яғни, Halobacterium salinarum өзі тіршілік ететін ортаның тұздылығы төмендеп, қоректік заттар пайда болмайынша тіршілігін тоқтата тұрады. Бұл аралықта аталмыш микробтың ДНК-сы өте аз жиілікте реплицияланатындықтан мутацияға ұшырау мүмкіндігі болмайды. Осындай ерекшелігіне байланысты ол мәліметті өзгеріссіз күйінде сақтай алады. Бұл тәжірибе жүзінде расталған болатын. Дегенмен ғалымдар архейдің метаболизмі туралы аз біледі, сол себепті, оның негізінде жады картасын жобалауға кірісе алмай отыр. Ол үшін жылдар керек, талдау жұмыстарын жүргізу керек.

3Д-модель

0 пікір
Мұрағат