4 мың метр тереңдіктен құпия бақ табылды (видео)
4 мың метр тереңдіктен құпия бақ табылды (видео)
4 жыл бұрын 2547 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар Бремер шатқалын 4 мың метр тереңдікте алғаш рет зерттеп көрді. Австралияның оңтүстік-батыс жағалауынан теңіз қорығының бір бөлігі болып табылатын, биологиялық әр алуандылығымен таңдай қақтыратын теңіз бағы табылды. Бұл бақты Батыс Австралия университетінің (UWA) ғалымдар тапты. Су астын зерттеуге арналға роботтың көмегімен.

Аттай бір айға жуық уақытқа созылған экспедиция барысында адам аяғы жетуі осынау қиын жерден ғалымдар көптеген организмдердің – мол қазынаның үстінен түсті. Тереңде жатқан коралл мен биологиялық әр алуан тіршілік иелері өз алдына тұтас экологиялық патшалық құрған. UWA экспедициясына жетекшілік еткен Джули Троттер бастаған топ олардың барлығын тапсаға тартып алды.

0 пікір
Мұрағат