Марс таулары. NASA жаңа видео жариялады (видео)
Марс таулары. NASA жаңа видео жариялады (видео)
6 жыл бұрын 3107

NASA Марстың табиғи бейнесін түсірген панорамалық видеосын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

NASA бұл бейнероликті арнайы Curiosity түсірілім аппаратының көмегімен жасаған.

Панорама Гейл кратеріндегі Вера Рубин тау жотасынан түсірілген фотосуреттерден құралған. Түсірілім жасау үшін біраз уақыт Марсқа қысқы күннің толық түсетін уақытын күтуге тура келген. Дегенмен аспан ашық болып, суреттерден планетаны анығырақ көруге мүмкіндік болды.

Curiosity — автономды химиялық зертхана негізіндегі үшінші деңгейлі робот. Бұл робот Марсқа 2012 жылдың 6 тамызында жіберілген. Биылғы жылдың басында Curiosity ғаламшарға 18 км-ге дейін жақындай алды.

 

0 пікір
Мұрағат