Олимпиаде-2018 өтетін жерде шағын мешіт тұрғызылады
Олимпиаде-2018 өтетін жерде шағын мешіт тұрғызылады
6 жыл бұрын 2674 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы олимпиадада мұсылман спортшыларға да жағдай жасалған. Тарқатып айтқанда, Оңтүстік Кореяның мәдениет және туризм министрлігі жанындағы ұйымдастыру комитеті ақпан айының басынан 2019 жылға дейін олимпиада ойындары өтетін ауданда шағын мешіт жұмыс істейтінін мәлім етті. Бұған қоса, Shinsegae тағам өнімдерімен жабдықтаушы әрі өндіруші аталған елдің мұсылмандар федерациясынан лицензия алды. Мұсылман спортшыларды, жаттықтырушыларды, жанкүйерлерді, бұқаралық ақпарат қралдарын, т.б. шариғат талаптарына сай әзірленетін тағаммен қамтамасыз ету үшін. Аталмыш тағам компаниясы олимпиада қалашығында 1000 адамға дейін халал ас әзірлейтін болады. Естеріңізге сала кетсек, биыл қысқы олимпиада ойындары ақпан айының 9-ы күні Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді. Бұл дүбірлі додаға әлемнің 94 елінен спортшылар бақ сынайды.

0 пікір
Мұрағат