Көзі көрмейтіндерге көмектесетін киім жасалды
Көзі көрмейтіндерге көмектесетін киім жасалды
9 жыл бұрын 3450

Хеврондағы политехникалық университеттің палестиналық студенттері жобаға жетекшілік еткен инженер факултетінің деканы Рамзаил Кауасмидің бас-көз болуымен көзі көрмейтіндерге арналған күртеше жасады. Зағыип адам осы күртешедегі вибрациялық әрі дауыс командасы арқылы қалаған жағына барып, өз бетінше жүріп-тұра алатын болады. Аталмыш құрылғыны әдеттегі таяқтың орнына пайдалануға әбден болады. Егер батарея қуаты таусылуға жақын қалса, ескерту жүйесі іске қосылады. Яғни, дыбыс беріп, автоматты түрде энергия үнемдейтін режимге қосылады.

0 пікір
Мұрағат