Кептірілген жасушалармен жойылып бара жатқан жануарларды құтқарып қалудың тәсілі табылды
Кептірілген жасушалармен жойылып бара жатқан жануарларды құтқарып қалудың тәсілі табылды
2 жыл бұрын 1375 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары мұздату арқылы кептірілген жасушаларды пайдалана отырып, тышқандарды клондаған. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, ғалымдар түрлі себептерге байланысты, соның ішінде антропогендік факторлар бойынша жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар популяциясы мен олардың генетикалық ақпаратын сақтап қалудың тетігін тапты. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, жаһандық жылыну салдарынан кем дегенде бір миллион биологиялық түр жойылады. Клондау – әзірге оларды жойылудан сақтап қалудың соңғы амалы болып тұр. Десе де бұл тым қымбат процедура - үлгілер әдетте сұйық азотпен криоконсервіленген немесе өте төмен температурада сақталады, содан кейін үлгілер белгілі бір күйде және температурада сақталуы керек. Жапонияның Йаманаши университетінің ғалымдары соматикалық жасушаларды - сперматозоидтар мен аналық жасушаларға жатпайтын кез келген жасушаларды сублимациялау және кептіру арқылы бұл мәселелерді қаншалықты шеше алатынын анықтауға кірісті. Бұл тарапта кеміргіштің екі түрлі жасушасына тәжірибе жүргізіп, мұздату арқылы кептіруден ДНҚ-ға едәуір зақым келгеніне келген. Дегенмен, осы процедурадан кейін ғалымдар эмбрионға (ұрыққа) айналатын жасушалардың шоғырын – клондалған бластоцистерді ала алған. Одан 75 тышқан клондалған тышқан жасауға пайдаланылған діңгекті жасушалар алған. Клондалған тышқандардың бірі бір жыл он ай өмір сүрген. Бұған қосағ ғалымдар клондалған тышқандардың еркегі мен ұрғашысын шағылыстырып, дені сау ұрпақ өсірген.

 

0 пікір
Мұрағат