Өкпе обырына қарсы химиялық терапияға қарағанда екі есе тиімді дәрілер комбинациясы табылды. Өкпе обырының алдын алуға көмектесетін өсімдік қоспасы табылды
Өкпе обырына қарсы химиялық терапияға қарағанда екі есе тиімді дәрілер комбинациясы табылды. Өкпе обырының алдын алуға көмектесетін өсімдік қоспасы табылды
2 жыл бұрын 1900 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания ғалымдары өкпе обырына қарсы химиялық терапияға қарағанда емдік әсері екі есе дәрілер комбинациясын (дәрілердің ұштастырылған түрі) әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Лондон қаласындағы қатерлі ісікті зерттеу институтының сайтындағы мәлімдеге жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандардың бұл тараптағы пікіріне жүгінсек, VS-6766 және эверолимус препараттары комбинациясының KRAS генінің бірқатар мутациялары бар қатерлі ісіктің қауіпті түрлеріне қарсы тиімділігі жоғары болып шыққан. Бұл бағыттағы зерттеу 30 пациенттен тұратын топта жүргізілген, оның ішінде 11-не жеңіл емес жасушалы өкпенің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Аталмыш зерттеуге тартылған науқастардың барлығы химиялық терапия мен замануи иммундық терапиядан өткен, алайда, емдеу тиімділігі төмендеп кеткен. Онкологиялық дертке шалдыққандардың, яғни, зерттеуге қатысқандардың жартысының бойынан алты бойы аурудың өршуі байқалмаған, яғни, аурудың мұндай сатысында химиялық терапиядан болатын тиімділіктен екі есе артық. Сынақтардың нәтижесінде 11 науқастың 2-де ісіктер 30%-дан астам кеміген. Тағы тоғыз адамның дертін тежеу мүмкін болған. Ғалымдар қалқанша безі мен аналық безінің қатерлі ісігі бар науқастардың жағдайы жақсарғанын байқаған. Сарапшылар қазіргі уақытта KRAS генінің мутациясынан туындайтын қатерлі ісікке қарсы кем дегенде бір тиімді препарат бар екенін, бірақ, ол тек G12C мутациясына ғана әсер етуі мүмкін екенін алға тартып отыр. 2021 жылы Америка Құрама Штаттарында аталған дәріні қолдануға рұқса берілді. Дәрілердің жаңа комбинациясы KRAS ісік генінің өзіне тікелей әсер етпейді - геннің ісікті өсуін ынталандыратын қабілетінен айырады.

Өкпе обырының алдын алуға көмектесетін өсімдік қоспасы табылды

Бөріқарақат және алтынмұрт тәрізді өсімдіктерде кездесетін табиғи қосынды - берберин өкпе ауруларын емдеуде пайдалы. Бұл жайында islam.kz порталы атталмыш зерттеу материалы жарияланған Pharmaceutics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда жүргізілген бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бөріқарат және алтынмұрт секілді өсімдіктер құрамында кездесетін берберин табиғи қосындысы өкпе обыры жасушаларының пролиферациясын (жасушалардың бөлінуі арқылы тіннің, яғни, ұлпаның өсуі – ред.) басады. Бұдан бөлек, берберин шшылым түтінінен бөлінетін химиялық заттардың зиянды әсерінен жасушалардың зақымдалуын азайтады әрі тыныс жолдарының қабыну процесін төмендетеді. Осы орайда қатерлі ісік әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себетерінің біріне айналып отырғанын айта кету керек: жыл сайын әлем бойынша шамамен 1,8 млн адам осы онкологиялық аурудан көз жұмады. Ал созылмалы қабыну өкпенің қатерлі ісігі мен өзге де түрлі аурулардың, соның ішінде демікпе, созылмалы обструктивті өкпе ауруының себебі болып табылады. «Берберин қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларында емдік пайдасын көрсетті. Біз оның өкпенің қатерлі ісігін басу және қабынуды азайтудағы әлеуетін зерттеуді мақсат еттік», - деп түсіндірді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен дәрігер, фармацевтика бөлімінің аға оқытушысы және Австралиялық қосымша және интегративті медицина ғылыми орталығының (ARCCIM), сондай-ақ, Сидней технологиялық университетінің (UTS) денсаулық сақтау факултетінің аға ғылыми қызметкері Камал Дуа. Берберин in vitro рак жасушаларының өсуін тежеу ​​арқылы қатерлі ісікке қарсы белсенділігі жоғары қосынды. Обырға қарсы әсерінің әлеуетті тетігі қатерлі ісікпен байланысты гендердің мРНҚ деңгейін және ақуыздың экспрессия деңгейлерін өлшеу арқылы анықталды. Берберин ісіктерді басатын гендерді белсендіреді және обыр жасушаларының миграциясы мен пролиферациясына қатысатын ақуыздарды төмендетеді. Берберин дәстүрлі қытай және аюрведиялық медицинада бұрыннан қолданылады, десе де оның емдік пайдасы суда нашар ерігіштігімен және ішекте сіңірілуімен және жоғары дозаларда уыттылығымен шектеледі. Осы проблемаларды еңсеру мақсатында үшін дәрігер Камал Дуа қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру үшін берберинді титтей еритін және биологиялық ыдырайтын полимер моншақтарына инкапсуляциялайтын жетілдірілген дәрі жеткізу жүйесін жасап, сұйық кристалды нанобөлшектерді пайдаланды.

0 пікір
Мұрағат