Кесілген аяқ-қолды өсірудің жаңа тетігі белгілі болды
Кесілген аяқ-қолды өсірудің жаңа тетігі белгілі болды
2 жыл бұрын 4298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Daniel Reinhardt / Globallookpress.com

Техас университетінің ветеринарлық медицина және биомедицина ғылымы колледжінің ғалымдары аяқ-қолдың табиғи жолмен өсуінің немесе қалпына келуінің жаңа факторын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Direct мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын бұған зақымдалған жердегі жүйке талшықтарының болуы мен өсуі жеткілікті деп тұжырым жасалған. Бұл тарапта ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізіп көрген, дәлірегі, жүйке талшықтарының ұшы сақталған жануарлардың жарақатталған аяқтарын іліп қойған болатын, алайда, мұндай манипуляцияның өзі регенерация процесін белсендіре алмаған еді. Осыған қарамастан қимыл-қозғалыстың және механикалық салмақтың пайда болуына байланысты регенерация қалпына келген болатын. Содан соң ғалымдар зертханалық тышқанның саусақтарынан жүйке талшықтарын алып тастап, оның орнына механикалық салмақ түсіріп көрген екен. Нәтижесінде регенерация процесі басталған. Ғалымдар мұндай құбылыстың пайда болу тетігін әлі анықтай алмағандықтан, бұл бағыттағы зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Құрбақаның кесілген аяғын өсірді (регенерация)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurbaqanyn-kesilgen-ayagyn-osirdi-regeneratsiya-16340/#gsc.tab=0);

"Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-zaqymdalgan-agzasyn-tabigi-jolmen-oz-denesinde-osire-ala-ma-adam-boiynan-regeneratsiya-geni-tabyldy-14244/#gsc.tab=0);

"Жасушалар өз-өзін «емдеп» қалпына келе алатын болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalar-oz-ozin-emdep-qalpyna-kele-alatyn-bolyp-shyqty-14337/#gsc.tab=0);

"Тілінген, жарақат алған, күйген терінің қалпына келу процесі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tilingen-jaraqat-algan-kuigen-terinin-qalpyna-kelu-protsesi-15198/#gsc.tab=0);

«Адам тінінің регенерациясын бақылау тетігі табылды – жарақатты жазуды жақсартатын жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-tininin-regeneratsiyasyn-baqylau-tetigi-tabyldy-jaraqatty-jazudy-jaqsartatyn-janalyq-16443/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат