Кедейлік адам генін өзгертеді
Кедейлік адам генін өзгертеді
5 жыл бұрын 3017 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кедейлік адам генінің 10 пайыздан астамын өзгерте алатын фактор болып шықты. Бұл жайында American Journal of Physical Anthropology мерзімді басылымында жарық көрген зерттеу мақаласында айтылған. Бірден айта кететін жайт, ғалымдар кедейліктің адам тегіне әсер ететінін жоққа шығарған емес. Осы уақытқа дейін. Кедейліктің кесірінен болатын түрлі аурулар, соның ішінде, жүрек-қан тамырлары ауруы, инфекциялық аурулар, сусамыр, сондай-ақ, обыр дерті кедейлікпен байланысты болып шыққан. АҚШ-тағы солтүстік-батыс университетінің ғалымдары, солардың ішінде антропология профессоры Томас МакДейд адамның әлеуметтік-экономикалық мәртебесі оның денсаулығына тигізер әсерін, атап айтқанда, адамның иммунитетіне, қаңқа сүйегінің дамуына, жүйке жүйесіне салмақ салатынын алға тартып отыр. Бұл бағыттағы аталмыш зерттеу жұмыстары жалғастырылып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат