Бір ғана себептен жыл сайын 100 млн адам кедейлік қамытын киеді
Бір ғана себептен жыл сайын 100 млн адам кедейлік қамытын киеді
5 жыл бұрын 3036 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының жартысына жуығы сапалы әрі бағасы арзан медициналық көмек ала алмайды. Жыл сайын 100 млн адамның тақыр кедейге айналуына емі үшін дәрігерлерге қалтасынан төлейтіні себеп болуда. Яғни, ауырмайтын адам кемде-кем. Жылына осынша адам денсаулығы үшін бар жиған-тергенінен айырылып қалуда. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметі хабар таратты. Осы мәселеге байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш: "Бұл арада көптеген саланы қамтитын шаралар турасында сөз болып отыр. Адамдардың денсаулығына өз әсерін тигізетін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық секілді басқа да факторларға назар аудару қажет",- деп мәлімдеді. Табыс деңгейі төмен елдерде денсаулыққа қатысты жан басына шаққанда жыл сайынғы  орташа бюджет шығыны 60 доллардан аспайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 270 долларды құрайды. 

0 пікір
Мұрағат