Жаһандық жылынуды микробпен тоқтататын тәсіл табылды
Жаһандық жылынуды микробпен тоқтататын тәсіл табылды
2 жыл бұрын 1895 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Saul Loeb / Reuters

Сидней технологиялық университетінің (UTS) ғалымдары көміртекті қорек ету арқылы жаһандық жылынуды тоқтата алатын бір жасушалы теңіз микробын тапты. Бұл жайында islam.kz аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Prorocentrum cf. Balticum фитопланктоны күллі әлемге кеңінен таралған, ол фотосинтезге (Фотосинтез — бұл өсімдіктердің жасыл жапырақтарында судан және атмосферадағы көмір қышқылы газынан хлоропластардағы хлорофиллдер сіңірген күн (жарық) энергиясын пайдалана отырып органикалық қосылыстарды синтездеу. Фотосинтез арқасында көрінетін жарықтың энергиясын ұстау және оны фотосинтез кезінде түзілетін органикалық заттарда сақталатын (қорланатын) химиялық энергияға айналдыру жүреді. Фотосинтездің маңызы өте зор. Тек, оның барлық тірінің тіршілік етуіне қажетті отын (энергия) мен атмосфералық оттекті жеткізетінін айтсақ та жеткілікті. Демек, фотоситездің рөлі әлемдік болып табылады. Фотосинтездік элемділігі сол ол оттек пен сутектің (негізінен) айналымы арқасында қазіргі атмосфераның құрамын ұстап тұрады, ол өз кезегінде Жер бетінде тіршіліктің әрі қарай жалғасуын айқындайды - ikaz.kz дерек көзінен), сондай-ақ, түрлі жолдармен қоректік заттарды табуға қабілетті келеді, оның бұл ерекшелігі өзге фитопланктондарға жарамсыз мұхиттың бөлігін жайлауына мүмкіндік береді. Бұған қоса, ол CO2-ге бай экзополимерді шығару арқылы басқа микробтарды тартуға және оларды қорек етуге қабілетті. Prorocentrum cf. Balticum көміртекті секвестрлеу (ерекшелеп бөлектеу) арқылы климат өзгерісінің алдын ала алады. Білікті мамандардың есебінше, фитопланктонның бұл түрі жылына шамамен 0,02-0,15 гигатонна көміртекті сіңіре алады. Австралияның Ұлттық ғылым, инженерия және медицина академиясының 2019 жылғы есебіне сәйкес жаһандық жылынумен күресу үшін жыл сайын атмосфераны 10 гигатонна көмірқышқыл газынан тазартып отыру қажет. 2050 жылға дейін.

0 пікір
Мұрағат