Ішек микробтарының тәбет пен температураға қалай әсер ететіні анықталды
Ішек микробтарының тәбет пен температураға қалай әсер ететіні анықталды
2 жыл бұрын 1552 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бактериялардың миға қалай сигнал беретінін анықтады: бұл үшін олар иммундық жүйенің патогендердің бағытын анықтауға мүмкіндік беретін молекулярлы жолды пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ішек бактериялары өзге дене ағзаларына енгенде иммундық жүйе муропептид деген атпен белгілі микроорганизмдердің жасуша қабырғаларының фрагменттері арқылы тауып жояды. Мұндай элементтерді жасушаның «алғашқы қорғаныс желісін» жауып тұратын Nod2 ақуызы арқылы табады. Ғалымдар осыған ұқсас ақуыз ми жасушаларында да болуы мүмкін деп топшылап отыр. Бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар гендік тұрғыдан түрлендірілген (гені модификацияланған) тышқандардың екі тобын пайдаланған екен: алғашқы тобында Nod2 ақуызын істеп шығартын гені ажыратылған, ал екіншісінде аталмыш ақуыздың қандай жасушада пайда болатынын анықтауға мүмкіндік беретін флуоресенттік белгі қойылады. Нәтижесінде Nod2 синтезі бұғатталған кеміргішердің жасы ұлғайған сайын салмақ қосатынын анықтады. Биологтердің пайымдауынша, тағам ішекегі микробтарды ынталандыратындықтан қоректену кезінде сыртқы жасушаларға мурапептидтердің көп мөлшері енеді. Міне, осындай себеппен Nod2 ақуызы жоқ тышқандарда мұндай молекулалар ауланбайды әрі ми тамаққа тойғанын тани алмайды, яғни, қоректік заттармен қаныққанын біле алмайды. Екінші топтағы тышқандарды радиоактивті мурапептидтермен қоректендіріп көреді. Арада бір сағаттан соң мұндай жасушалардың ізі тышқан миынан байқалған. Ғалымдардың айтуынша, Nod2 ақуызы тышқандардың миында пайда болған, мурапептидтер бірнеше сағат ішінде ішектен соң миға тап болған. Ғалымдар пайымдағандай, Nod2 ақузы тек ас қорыту қызметіне әсер етіп қоймай, сонымен қатар, өзге де функцияларды атқаруы мүмкін. Аталмыш ақуыз миында кездеспейтін кәрі тышқанның дене қызуы жоғары болып келетінін алға тартып отыр ғалымдар. Ол ол ма, жылынуы үшін ін қазуға үш есе кем уақыт жұмсаған. Осы орайда соңғы жиырма жылда ішек пен дененің өзге бөліктері арасында байланыс бары анықталғанын айта кетпекіз. Ішектің белглі бір микробтары күйзеліс, склероз, иммундық жүйе қызметінің бұзылуы секілді түрлі дерттермен байланысты екені мәлім болған. Алайда, күні бүгінге дейін ішек пен мидың бір-бірімен қалай байланысатыны белгісіз болып келген еді. Биологтардың айтуынша, олардың тәжірибелері бактериялардың миды басқара алатын тетігін көрсетіп береді. Дегенмен, бұл бағыттағы зерттеу алғашқы ізденіс болғандықтан болашақта ғалымдар өздерінің гипотезасының шынайылығын тексеріп көру үшін басқа жануарларға тәжірибе жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, аталған ақуыздың қандай қызметінің, атап айтқанда, иммундық жауаптың немесе мимен байланыстың қайсысы негізгі болып табылатыны әлі анықталған жоқ. Бұл зерттеуге атсалыспаса да өз пікірін білдірген Хуан Эскобар есімді эволюционист биологтің сөзіне қарағанда, организмде қандай да бір ауытқу орын алатынын ескертетін сол молекуланы жүйке жүйесі организм тіршілігіне қажетті негізгі процестерді (ас ішу, дене температурасын реттеу) реттеу үшін сигнал ретінде пайдалануы мүмкін.

Ми-ішек айналымының метаболилік бақылауы. Дерек көзі: Ilana Gabanyi et al., Science

0 пікір
Мұрағат