Cтресс иммундық жүйенің қартаю процесін тездетеді
Cтресс иммундық жүйенің қартаю процесін тездетеді
2 жыл бұрын 2281 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Frank Hoermann / Globallookpress.com

Оңтүстік Каролина университетінің ғалымдары стрестің иммундық жүйенің қартаю процесіе тездететінін әрі осылайша қатерлісі ісік, жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болу ықтималдылығын арттыратынын, сонымен қатар, инфекциялық аурулардың ауырлығын арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамның жасы ұлғая келе иммундық жүйе табиғи жолмен өз белсенділігін күрт төмендетеді. Мұны медицинада иммуносенесценция деп атайды. Адамның иммундық профилі әлсірейді және тозған лейкоциттердің артық санымен және инфекциялар мен ақаулы жасушаларға қарсы тұруға дайын жаңа, «аңғал» лейкоциттер тапшылығымен сипатталады. Иммундық қартаю тек қатерлі ісік ауруымен ғана емес, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларымен, пневмония қаупінің жоғарылауымен, вакцина тиімділігінің төмендеуімен қатар жүреді және ағзалар қызметінің бұзылуынан көрініс табады. Ғалымдар әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты стресс деңгейін бағалау үшін сауалнаманы толтырған 50 жастан асқан 5744 ересек адамның деректерін талдады. Бұл тараптағы тәжірибеге өз еркімен қатысқандардың қан үлгілері ағындық цитометрия, лазер көмегімен қан жасушаларын санау және жіктеу әдісі арқылы зерттелді. Стресс көрсеткіштері жоғары адамның ең кәрі иммундық профилге ие болатыны, соның ішінде тозған ақ қан жасушаларының жоғары болатны белгілі болды. Шылым шегу, ішімдік ішу секілді жат әдеттермен қатар, дене салмағы, нәсілі, т.б. факторлармен салыстырған стрестік жағдайлар мен белсенді Т-жасушылары мөлшерінің аздығы арасында байланыс жоғары болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат