Ауруды басатын биоимплант денеде еріп, денеге сіңіп кетеді (видео)
Ауруды басатын биоимплант денеде еріп, денеге сіңіп кетеді (видео)
2 жыл бұрын 1834 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Northwestern University

Солтүстік-Батыс университетінің (АҚШ) зерттеушілері анестетикалық имплантацияланатын сенсорды ойлап тапты. Жұмсақ құрылғы ауырсынуды басу үшін дәрілердің орнына салқындату тетігін пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдар дәрісіз ауруды басатын импант ойлап тапқан. Ол ауруды басатын дәрілік заттардың баламасы ретінде алға шығады. Имплантты адам организімі жатырқамайды әрі суда еритін құрал. Жұмыс істеу үшін ол жүйкені орап, салқындату арқылы тыныштандырады және мидаға ауырсыну сигналдарын бұғаттайды. Ғалымдарр құрылғыны іске қосу үшін сыртқы сорғы қолданылатынын атап өтеді. Оның көмегімен салқындату қарқындылығын арттыруға немесе азайтуға болады. Бұл құрылғы салқындату тетігі ретінде сұйықтықтан газға фазалық ауысуды, яғни, сұйық заттың газға айналу кезіндегі процесті  пайдаланады. Инженерлер жүйке талшықтарының электрлік манжетінің дизайнын алды және сымдарды биоинертті хладагент өтетін микрофлюидтік арнамен ауыстырды. Сонымен қатар, манжетке нақты уақыт режимінде температураны бақылайтын жұқа қабықшалы термиялық сенсор орнатылған. Құрылғының тағы бір артықшылығы - биоерігіштігі. Пайдалану қажеттілігі жойылғаннан кейін құрылғыны алу үшін ешқандай операция қажет емес. Ол табиғи жолмен ағзаға сіңеді. Ғалымдар жаңа құрылғы ота мен ампутациядан кейін оңалту үшін пайдалы болады деп есептейді. Хирургтер оны науқастың ауырсынуын жеңілдету үшін медициналық процедура кезінде имплантациялауы мүмкін. Әзірге сынақтар тек тышқандарға жүргізілгені хабарланды.

0 пікір
Мұрағат