«Генетикалық қайшыны» тұмауға қарсы пайдаланып көрмек
«Генетикалық қайшыны» тұмауға қарсы пайдаланып көрмек
4 жыл бұрын 2519 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мейлінше кеңінен тараған немесе өлім-жітімге апаратын қатері бар микроорганизмдердің дені - РНК-вирустары. Бұл вирустарды жұқтырған науқастарды емдеп жазу қиын. Осы орайда Массачусет технологиялық институты мен әлемге әйгілі Гарвард университетінің ғалымдары адам жасушасындағы вирустарды жоюға бағдарлауға болатын «Cas13 қайшысын» гендік антивирусқа айналдыруды ойластырып жатыр. Бұрын ғалымдар CRISPR генетикалық құралы аясында адамның РНК-сын кесу және модфифкациялау, сондай-ақ, вирустар мен бактерияларды табу үшін Cas13 ферментін модфифкациялай алған еді. Таяуда ғалымдар бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында CRISPR-ді адам жасушасындағы вирустарға қарсы қалай пайдалану керектігін алғаш рет сынақтан өткізген болатын. Ғалымдар Cas13 ферментінің вирусқа қарсы белсенділігін оның белгілі бір учаскені іздеу қабілетімен ұштастырды – болашақта кез келген вирус түрін тауып, жоя алатын бірыңғай жүйені құру үшін. Бұл тарапта ғылымға әлі белгісіз вирустар да қамтылады. Ғалымдар аталмыш жүйені «Cas13 көмегімен вирустарды санау әрі экспрессияны шектеу» деген мағына беретін CARVER деп атауды ұйғарды. Бұл жайында Molecular Cell ғылыми мерзімді басылымында айтылған. Ғалымдардың айтуынша, адам бойындағы вирустық патогендер мейлінше әр түрлі әрі қоршаған ортаға ұдайы бейімделіп отырады. Сол себепті, олардан емдеп жазу қиындық тудырады. Осыған байланысты оларды жоюда тиімділігі жоғары, барынша икемді құрал ойлап табу керек болды.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат