Ғарыштан жеткен жұмбақ радиосигнал
Ғарыштан жеткен жұмбақ радиосигнал
2 жыл бұрын 966

Австралиялық ғалымдар ғарыштың түпсіз тұңғиығынан тегі белгісіз аса қуатты радиосигналды байқады. Жұмбақ радиотолқынды Австралиядағы, Чилидегі, Германиядағы, Гавайдағы, Үндістандағы, АҚШ-тың Калифорния штатындағы және Канар аралдарындағы 12 телескоптың көмегімен ұстап қалудың сәті түскен. Бұл жайында RT ресурсы Monthly Notices of the Royal Astronomical Society басылымында жарық көрген ғылыми баяндамаға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, белгісіз жарықтың көрінуі бірнеше миллисекундқа қана созылған. Бір қызығы, радиосигнал ұзаққа созылмаса да оның энергиясы шамамен күні бойы шамшыраққа шоғырланған Күн энергиясына тең түсті десе де болады. Сондай-ақ, ғалымдар радиосигналдың сипатына қарап, оның сигнал көзінің жанында орналасқан аса күшті магниттік полямен өзара әрекеттескенінен хабар беретінін айтып отыр. «Біз жарықтың осынау радиосигналмен еш байланысы жоғын анықтадық. Алайда, бар-жоғы бірнеше миллисекундқа созылған бұл құбылыстың тәулік бойы күннен бөлінген энергияға пара-пар орасан зор энергияға ие екені де анықталды»,- деді Копенгаген университетінің астрофизигі Даниэл Малезани. Аса қуатты әрі сонымен қатар ұзаққа созылмаған радиосигнал екі қара ойық үшін «үй» болып табылатын ғарыш аймағынан келген болатын. Десе де, ғалымдар радиосигналдың қара ойықтан шықпағанына сенімді. Неге десеңіз, радиотолқынды нақты уақыт аралығында байқаған. Астрономдар бір мезгілде аталмыш толқынды, мәселен, тегін білу үшін рентген немесе инфрақызыл сәулелерімен ұстауға тырысқан екен, алайда, олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. «Сигналда жарықтық және толқынның өзге түрлерінің ізінің байқалмағанына қарап, жұлдыз сөнгенде және жаңа түрінің пайда болуы нәтижесінде бөлінетін гамма-сәуленің шұғыласы секілді құбылыстармен байланысты астрономиялық феномендерден көрмеуге мүмкіндік береді»,- деді ғалым сөзін толықтырып. Бұл құбылыстың көзі жер шарынан жарық жылдамдығымен есептегенде 5,5 млрд жылды құрайтын қашықтан, яғни, Құс жолы галактикасынан тысқары ғарыш кеңістігінде жатқанын анықтаған.

0 пікір