Түркияда Қазақстан дамуы тақырыбындағы конференция өтті
Түркияда Қазақстан дамуы тақырыбындағы конференция өтті
2 жыл бұрын 873

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынаша, Ниде Университетінде (Ниде провинциясы, Түркия) «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Президенттің Бас кеңесшісі Мұстафа Исен конференция жұмысына қатысып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елдің ішінде ғана емес, өңірлік және әлемдік деңгейге бейбітшілік пен келісім мәселелерін көтеруі бойынша тарихи мұрасын атап өтті. «Осы орайда, Қазақстанда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылар съезінің құрлығымызда бейбітшілік пен келісімнің орнығуына ықпал ететін маңыздылығын атап кеткім келеді», - деді ол. Түркия Президентінің кеңесшісі Қазақстан халқын 2015 жылы атап өтілетін Қазақ хандығының 550-жылдығымен, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халықтары ассамблеясының 20-жылдықтарымен құттықтады.

Ниде университетінің ректоры Аднан Гөрүр Президент Н.Ә. Назарбаевтың қайсарлы шешім қабылдаудың қажеті болып тұрған тарихтың тағдырлар тоғысы сәтінде көшбасшылық қасиеттерін таныта білгенін атап өтті. Президенттің ел тәуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарында тұрақтылықты ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанды әлемнің маңызды мемлекеттерінің қатарына шығарып, бірқатар өзекті халықаралық бастамаларын сәттілікпен орындай алғанын атап өтті. Осылайша, Қазақстан оның басшылығымен 1992 жылы ЕҚЫҰ мүшесі болып, 2010 жылға қарай бұрынғы Совет Одағы мемлекеттерінің ішінде алғаш болып Ұйымның төрағалығын қабылдап, Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізді. А.Гөрүр: «Осындай қазақ дипломатиясының мастандыратын табысы Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке қатысуы арқасында орын алғаны сөзсіз», деп қорытындылады.

Конференция жұмысына академиялық топтардың өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, студенттер қатысты. Іс-шара соңында Қазақстан пікір алмасылып, конференция модераторлары мен басты спикерлері аудитория сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан Елшісі Жансейіт Түймебаев ғаламдық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның алдын алу іс-шараларымен, стратегиялық құжаттарымен танысуға мүмкіндік берген конференцияны ұйымдастырған университет басшылығына ризашылығын білдірді. Ол қатысушыларды Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын бекіту, KazAID агенттігін қоса алғанда, ресми ізгілік көмекті көрсету бойынша жүйені қалыптастыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық, ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігін ілгерілету бойынша жұмыстардан хабардар етті.

0 пікір
Мұрағат