Ғарыштағы қоқысты жинайтын гарпун сынақтан өтіп жатыр
Ғарыштағы қоқысты жинайтын гарпун сынақтан өтіп жатыр
6 жыл бұрын 3869 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Airbus Жер орбитасындағы қоқысты қармап жинайтын гарпунды сынтақтан өткізіп жатыр. Бұл алып құрылғы ұшу аппаратына троспен жалғанады. Ол ғарыштан жинаған қоқысты жанып кетуі үшін атмосфераға алып келеді. Айта кету керек, жыл сайын ғарыштағы қоқыс қордаланып келеді. Жер орбитасын ескі аппараттардың бөлек-салақ бөлшектері, тасығыш зымырандардың істен шыққан құрал-жабдықтары, бұзылған спутниктер, т.б. толтырып тасаған. Қазіргі уақытта көлемі 10 см немесе одан да үлкен 20 мыңға тарта заттар орбитада қалқып жүр. Тіпті, кішкентай бұйымның өзі зондпен немесе спутникпен қақтығысып немесе соқтығысып қалса, істен шығарады. Істен шығармағын күннің өзінде зақым келтіреді. Ал орбитадағы қоқыстың көлемі әрқалай: 2012 жылы кенеттен істен шыққан Envisat Earth платформасының өзі неге тұрады – 8 тонна тартады. Осы жобаның инженерлері гарпун бұл алып обьектіні аулай алса, қалған қоқыстарды жинауда проблема болмайтынын алға тартып отыр. Құрылғы гарпунды қысымдалған ауаның көмегімен атады, пневматикалық қару секілді ғой.

0 пікір
Мұрағат