Елімізде суицидке бейім жасөспірімдер үшін станционар ашылуы мүмкін
Елімізде суицидке бейім жасөспірімдер үшін станционар ашылуы мүмкін
6 жыл бұрын 2752 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан республикасы премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев парламент депутаты Артур Платоновтың қойған сауалына орай қайтарған жауабында өз-өзіне қол жұмсауға дайын тұратын жасөспірімдер үшін күндізгі стационар ашу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілгенін жеткізді. Тек Орта Азияда ғана емес, сонымен қатар, әлемнің көптеген елдерінен бұл әлеуметтік дерт бойынша көш бастаған Қазақстан суицидпен күресудің бірқатар шараларын қолға алған болатын. Психологтармен, үкіметтік емес үйымдармен, мемлекеттік мекемелермен бірігіп жұмыс істеу, т.б. Олардың бәріне тоқталып жатпаймыз. Осындай шаралардың біріне премьер-министр орынбасары айтқан стационар жайын жатқызуға болады. Ол қалай жұмыс істейді? Аталмыш жобаға жергілікті әкімдік бюджтенінен қаржы қарастыру тетігі де назардан тыс қалған жоқ. Ерболат Досаев осы бағытта атқарылған жұмыстарды тізбелей келе өз-өзіне қол жұмсауға бейім 4 412 баланың анықталғанын жасырмады. Олардың 3 191-ң мектеп оқушысы да 1 221-і колледж студенті. Олардың 1 470-ы арнайы медициналық көмек алуы үшін дәрігерлерге қаралған. «111» -сенім телефондары да, дағдарыс орталығы да тәулік бойы жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін. Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық мәселеге жатады. Арнайы мемлекеттік бағдарлама да қабылданғанын айта кету керек: суицидке бейім 15-17 жас аралығындағы балалардың қарасы 100 мыңға шаққанда - 2016 жылы 17,2; 2017 жылы - 17; 2018 жылы - 16,9; 2019 жылы - 16,7-ге кеміту көзделген.

0 пікір
Мұрағат