Ғалымдар ер адамдарды белсіздікке алып келетін дәрілерді атады
Ғалымдар ер адамдарды белсіздікке алып келетін дәрілерді атады
6 жыл бұрын 6120

Аллергияны басу үшін қолданылатын гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер ер адамдардың бел қуатын төмендетуі мүмкін. Буэнос-Айрестегі Биология және тәжірибелік медицина институтының ғалымдары осындай тұжырым жасады.

Зерттеу Reproduction журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Зерттеу барысында биологтар соңғы 40 жыл бойы гистаминге қарсы дәрі-дәрмектердің жануарларға әсері зерттелген еңбектерді талдаған. Ғалымдардың айтуынша, гистаминнің белсенділігін ұзақ уақыт бойы шектеу тестостерон бөлінуіне кері әсер етеді.

Ғалымдар бұл құбылыстың аталық ұрықтардың пішінің өзгеріп, олардың белсендігі мен санының төмендеуіне алып келуі мүмкін екенін айтты.

Зерттеушілердің сөзінше, еркектік қуаттың төмендеуі мен гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер арасындағы байланысты анықтау үшін адамдарға көлемді зерттеу жүргізілуі тиіс. Десе де биологтар аталған дәрі-дәрмектерді шектен тыс көп қабылдамауға кеңес берді.

0 пікір
Мұрағат