Ғалымдар «Білімді миға әп-сәтте жүктеуге» болатын жолды тапты (Видео)
Ғалымдар «Білімді миға әп-сәтте жүктеуге» болатын жолды тапты (Видео)
7 жыл бұрын 7651 qamshy.kz Аударған Марал Шайхы

Ғылыми-фантастикалық жанрдағы Матрикс киносындағыдай миыңызды біліммен «қоректендіру» алдағы уақытта ұйықтауға жіберілген күш секілді ғана болуы мүмкін. Зерттеушілер миға ақпаратты тікелей жіберетін құрылғыны ойлап таптық деп тұжырымдап отыр. Ол аз уақыттың ішінде жаңа машықтарға үйренуге мүмкіндік береді.

Олар Matrix-стиліндегі тез оқытуды шындыққа айналдыру – заманауи бағдарламалық жасақтаманы өңдеуде бірінші қадам болмақ. Нео-нуар ғылыми-фантастикалық классикада миына ұрыс өнері «жүктелген» Нео қаһарман санаулы секундтардан соң, кунг-фуды үйреніп алады. «Оқытуды тездетудің жолын ойлап таптық, бірақ голливудтық фильмнен көргендеріңізден әлдеқайда аз масштабта», – дейді Калифорниядағы HRL лабораториясының зерттеушілері. Олар үйренуші ұшқыштың миына берілетін электр сигналын зерттеп көрді. Сосын оның шын өмірде қалай ұшақты игергені туралы мәліметті көрсетіп береді. «Бұл – осы бағыттағы бірінші жүйе, мидың стимуляциясы» деп түсіндіреді доктор Мэтью Филлипс. – «Бұл ғылыми-фантастикалық болып естілгенімен, біздің жүйені дамытуға үлкен ғылыми негіз бар. Танымдық және қозғалғыш қызметтегі синергияны қажет ететін ұшақты басқаруды қарастыру – негізгі мақсат. Сіз жаңадан бір нәрсе үйренсеңіз, миыңыз физикалық тұрғыда өзгеріске ұшырайды. Процесте байланыс жасау мен нығайту нейро-пластика деп аталады. Мидың сөйлеу мен жады сияқты кейбір функциялары мидың айрықша жерінде орналасқан». Доктор Мэтьюз мидың стимуляциясы алдағы уақытта көлік айдау, емтиханға дайындалу, тіл үйрену сияқты тапсырмаларға дейін жетіледі деп санайды. «Біздің жүйеміздің жасап жатқаны мидың бірқатар аймақтарын өзгертуге бағытталған» деп сөзін жалғастырды. – Негізі бұл – өте ескі әдіс. Ежелгі мысырлықтар 4000 жыл бұрын электрлі балықты стимуляция жасау арқылы ауруды басуға қолданған. 

 

0 пікір
Мұрағат