ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ — ШАВКАТ МИРЗИЁЕВ
ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ — ШАВКАТ МИРЗИЁЕВ
7 жыл бұрын 3028 qamshy.kz

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы 4 желтоқсанда өткен президент сайлауы нәтижесін жариялады. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов өткізген брифинг барысында Шавкат Мирзиёевтің сайлауда 88,61% дауыспен жеңіске жеткені белгілі болды. Сайлауға төрт үміткер қатысқан — Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев, Халық -демократиялық партиясынан Хатамжон Кетмонов, социал-демократтардан Нариман Омаров және демократиялық партиядан Сарвар Отамуратов. Бір айта кетерлігі, бұрынғы президент Каримовтің билігі мұрагерлік жолмен берілмеді. Өзбек билігі Әзербайжандағыдай әкеден балаға берілмеді. Керісінше бұрынғы президенттің қызы Гүлнара Каримова қазір Өзбекстанда қамауда отыр. Дегенмен нақты жағдайы туралы ақпарат жоқ. Тіпті, қарашаның 22-сі Гүлнара Каримова уланып қайтыс болды деген қауесет тарап кетіп, кейін оны ұлы, атасымен аттас Ислам Каримов теріске шығарған болатын. Ислам Каримов BBC-ге берген сұхбатында, анасын атасының «қолшоқпарлары» ұстап отырғанын айтып, анасының 2014 жылдан бері қамауда отырғанын, екеуіне де қастандық жасалғанын баяндаған еді. Каримовтің кезіндегі Өзбекстан тарихында жұрт жадынан өшпестей болып Әндіжан оқиғасы қалды. 2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қалалық хокимиятының (әкімдігінің) алдындағы Бабыр алаңында билік «акрамистер» деген айып тағып, тұтқынға алынған 26 бизнесменді қорғауды көздеген митинг өтті. «мұндай ұйым ешуақытта болған емес, оны «діни экстремистер» деп аталып жүргендерді торға түсіру үшін биліктің өзі ойлап тапты» деген болжамға тоқтады. Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде талаптар қойды. Өзбекстан билігі митингіні асқан қатігездікпен жаншыды. Ресми мағлұматқа қарағанда, осы оқиға кезінде 187 адам көз жұмған. Оның ішінде, әскери қызметкерлер мен полицейлер де бар, бірақ басым көпшілігі «бизнесмендерді түрмеден шығарып алмақ болған әлдебір экстремистер мен исламшылдар». Ал тәуелсіз бақылаушылардың байқауына қарағанда сол күні мыңнан астам Әндіжан тұрғыны мерт болған. Алайда, қаза болғандардың дәл саны сол күйі белгісіз қалды. Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған «Акрамия» қозғалысының жақтастары деп мәлімдеді. Бірақ, ол ұйым жөніндегі мәліметтердің екіұштылығы соншалықты, тіпті, кейбір сарапшылар. Айта кетер болсақ, Ислам Каримовтің билігі кезінде қазақ-өзбек арасында сауда, экономика, мәдени байланыстар жоқтың қасы болды.

0 пікір
Мұрағат