Ғалымдар бедеуліктің тағы бір себебін анықтады
Ғалымдар бедеуліктің тағы бір себебін анықтады
5 жыл бұрын 3629 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әйелдердің бала көтеруіне кедергі келтіретін тағы бір факторды анықтады. Бұл тақырыптағы зерттеу нәтижесі Medicalxpress ақпарат көзінде жарияланды. Осы бағытта арнайы зерттеу жүргізген дәрігер Хью Тейлордың мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін сау жатыр мен сау ұрық бала көтеруге жеткілікті фактор саналып келген. Алайда, PLOS Biology деп аталатын Йел университетінің ғалымдарының жаңалығы бұл процестің қалтарысына назар аудартып отыр. Бұл тараптағы ғылыми ізденіс барысында мынадай жайт белгілі болды: ұрықтану процесінен соң діңгекті жасуша қан жүйесі арқылы жатырға тап болады да ұрықтың мықтап орнығуы үшін шырышты қабатты дайындауға қатысады. Қандай да бір себеппен бұл жүзеге аспаса, ұрық өледі. Осыған орай діңгекті жасуша жүктіліктің белгілі бір кезеңіне әсерін тигізе ала ма, ол жағын ғалымдар әлі анықтайтын болады.

0 пікір
Мұрағат