ДНҚ көмегімен көмірқышқыл газын пайдалы затқа айналдырудың жолы табылды
ДНҚ көмегімен көмірқышқыл газын пайдалы затқа айналдырудың жолы табылды
2 жыл бұрын 1288 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жаһандық жылыну климат өзгерісіне себеп болып отырған көмірқышқыл газын пайдалы затқа айналдыратын катализатор жасау үшін ДНҚ молекуласын пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының химиктері осылайша көмірқышқыл газын өңдеуің жаңа технологиясын ойлап тапты. Катализаторды ДНҚ молекулаларымен қаптау парникті газдың конверсиясын (басқа бір затқа айналдыру немесе айырбастау) арттырып, көмірқышқыл газының электрлі-химиялық жолмен ыдырауына ықпал етеді. Америкалық ғалымдар ұсынып отырған бұл тәсіл ДНҚ молекулаларын гибридтеуге негізделген. Алдымен ғалымдар ДНҚ-ның бір жібін электродқа байлаған (бекіткен), содан соң су ерітіндісінде қалқыған катализаторға комплементрлі тізбекті қосқан. Бұл жіп алғашқысына (ДНҚ жібіне) жақындағанада олар гибридтеледі. Бұл олардың дұрыс жұптастырылған негіздер арасында бірнеше сутектік байланыстармен байланысатынын білдіреді. Нәтижесінде катализатор электродқа мықтап бекітіледі. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі модификацияланған (түрлендірілген) катализатордың жақсы ерігіштігін, жоғары тұрақтылығын және көмірқышқыл газын коммерциялық мақсатта өңдеуге қажетті жоғары кернеулерде істен шықпайтынын, дәлірегі, бұзылмайтынын көрсетті. Сонымен қатар, осы әдіспен модификацияланған үш түрлі катализатор минутына өндірілетін көміртегі тотығының мөлшерін айтарлықтай арттырды. Көмірқышқыл газы көптеген өнеркәсіптік өндірістердің нәтижесінде пайда болады және климаттың өзгеруіне әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Бұл газдың жанама өнімінің мөлшері өте үлкен және оны басқа көміртекті қосылыстар мен отын алу үшін пайдалануға болады, алайда, молекулалардың жоғары тұрақтылығына байланысты оны түрлендіру қиын. Көміртек тотығының бөлінуімен электрохимиялық ыдыраудың дәстүрлі тәсілі айтарлықтай энергияны қажет етеді, бұл экономикалық және экологиялық жағынан өте тиімсіз. Бұл процестің тиімділігін арттыруға болады, ол үшін электродтарды тиімді жабатын катализатор қажет. Ғалымдар, міне, осындай катализатор жасай алған.

Катализатор (сол жақта), ДНҚ қосылған катализатор (орталық), гибридтелген ДНҚ молекулалары арқылы қосылған катализатор және электрод (оң жақта) қатысуымен көміртектің электрохимиялық ыдырауы. Кескін: Gang Fan et al., ChemRXxiv

Гибридтелген ДНҚ молекулаларын қолданғанда әртүрлі катализаторлардың тиімділігінің өзгеруі. Кескін: Gang Fan et al., ChemRXxiv

0 пікір
Мұрағат