Бір ғасыр ішінде 1200 құс түрі жойылады. Салдары қандай?
Бір ғасыр ішінде 1200 құс түрі жойылады. Салдары қандай?
2 жыл бұрын 1218 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың болжамынша, алдағы бір ғасыр ішінде әлемде 1200 құс түрінің жойылады және мұның салдары орасан болады. Бұл жайында islam.kz порталы The Grunge ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар әлі күнге күллі әлем бойынша қанша құстың нақты білмейді, дегенмен, олардың есебінше, 50 млрд-тан 428 млрд-қа дейін құс ттіршілік етеді. Құстар табиғатта, дәлірегі, экологиялық тепе-теңдікті сақтауда аса маңызды рөл ойнайды. Мәселен, еліміздің аумағында тіршілік ететін жапалақ, тоқылдақ секілді құстар жойылу алдында тұр. Құстар жойылса, оның салдары мен зардабы қандай? Ғалымдар осы сауалдың жауабына нақты жауап беруге талпынған екен. Ғалымдар барлық құстар қырылып қалса, онда әлемде тұқымның таралуы азаяды, деп түсіндірді. Оларды әртүрлі жолдармен таратады және солардың бірі саңғырық арқылы таралады. Сонымен қатар, құстар жеміс-жидекті, қарағай шайырымен қоректенген кезде тұқымдар міндетті түрде жерге шашылады. Кейбір құстар тұқымды қысқа қамданып,  көму арқылы да таратады. Бұдан бөлек, құстар жойылса немес көп азайса, жәндіктер популяциясы шектен тыс көбейеді. Күллі әлем бойынша құстар 400-ден 500 тоннаға дейін қоңыздарды жейді. Егер құстар жойылса, егістікті зиянкестер жәніктер басып, кейбір азық-түлік көздерінің тапшылығына ұрындырады. Сондай-ақ, құстардың 900-ден астам түрі өсімдіктерді тозаңдандыруға атсалысады. Ал, кейбір құс түрлері қоршаған ортаны таза ұстауға көмектеседі, дәлірегі, санитар қызметін атқарып, түрлі ауру мен індеттің таралуына жол бермейді.

Ұқсас материалдар:

«Жаһандық жылынудан жабайы құстардың дене тұрқы өзгеруде» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynudan-jabaiy-qustardyn-dene-turqy-ozgerude-16041/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі құстардың үштен бірі қырылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemdegi-qustardyn-ushten-biri-qyryluy-mumkin-15871/#gsc.tab=0);

«Әлемде қанша құс бары белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemde-qansha-qus-bary-belgili-boldy-15249/#gsc.tab=0);

«Жыл сайын елімізде 50 мың жыртқыш құс опат болады. Бір ғана себептен...» (https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/jyl-saiyn-elimizde-50-myn-jyrtqysh-qus-opat-bolady-bir-gana-sebepten-15893/#gsc.tab=0);

«Елімізде құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/elimizde-qustardyn-150-turi-joiylyp-ketui-mumkin-14703/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат