Дене жаттығуын алмастыратын дәрі жасалуы мүмкін
Дене жаттығуын алмастыратын дәрі жасалуы мүмкін
2 жыл бұрын 2568 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Токио медицина және стоматология университетінің зерттеушілері дәрі-дәрмек скринингінің жаңа жүйесінің арқасында жаттығу кезінде бұлшықеттер мен сүйектерде болатын өзгерістерге бастайтын дәрі тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Bone Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Замануи өмір салты дене қимылын аз қажет ететіндіктен семіздік індеті, жүрек-қан тамыр ауррулары, сусамыр, т.б. аурулардың кеңінен таралуына ықпал етіп отыр. Бұдан бөлек, дене жаттығуы бәріне бірдей жаға бермейді. Тіпті, шалт қимыл пен белсенді қозғалыс денсаулығына қауіп төндіретін кейбір ауру түрлері де болады, кейбір ауыр науқастар төсекке таңылған. Осындай факторларды ескерген жапон ғалымдары кәдімгі дене жаттығуын алмастыра алатындай, дәлірегі, сүйек және бұлшық ет салмағының төмендеуіне жол бермейтін дәрі әзірлеуді қолға алған екен. Бұл тарапта тың ізденістерімен көзге түскен Токио медицина және стоматология университетінің (Жапония) қызметкерлері дене жаттығуларының бұлшықет пен сүйекке әсер ету тетігін жасушалық деңгейде зерттей келе дәрі-дәрмектің жаңа дәйекті скринингтік жүйесін әзірледі. Ғалымдар арнайы таңдалған химиялық кітапханадан үш жүз қосылысты талдап, әлеуетті препаратты тапты - локамидазол немесе қысқаша LAMZ. Cодан соң одан соң ғалымдар аталған препаратты екі апта бойы күн сайын тышқанға ішкізіп көреді. LAMZ алдымен қанға, содан соң бұлшық ет пен сүйек жасушаларына өткеннен кейін организмге қандай да бір кері әсерін тигізбей әрі кеміргіштің дене салмағына да ықпал тиімділігін көрсеткен. Дәлірегі, препаратты қабылдаған жануарларда бұлшықет талшықтарының диаметрі және бұлшықеттердің максималды күші жоғарылады (бұлшықет пен сіңірдің дегенерация белгілерінсіз), сүйек тінінің түзілу жылдамдығы жоғарылады, сүйек резорбциясы (деструкциясы) белсенділігі төмендеді. Ақырында тірек-қимыл аппаратының ауытқуындағы LAMZ-тың емдік тиімділігін растау үшін зерттеушілер тышқандардың артқы аяқтарында бұлшықет әлсіздігі мен сүйектің сыну қатерін моделдеп көрген екен. Зерттеу тобы LAMZ-тың жұмыс істеу тетігін одан ары зерттей келе препараттың бұлшықет және сүйек жасушаларында кальцийдің бөлінуінің сигналдық жолдарын босататынын анықтады. Жаттығу кезінде де бірдей сигналдық жолдар белсендіріледі, бұл қалыпты бұлшықет тонусы мен сүйек тұтастығын сақтауға қатысатын PGC-1α және Mef2c ақуыздарының экспрессиясын ынталандырады.

Механизм действия физических упражнений и препарата LAMZ, обеспечивающий нормальное развитие мышц и костей / © Ono T., et al, Bone Research, 2022

Сүйек пен бұлшықеттің қалыпты дамуын қамтамасыз ететін  LAMZ дәрісі мен дене жаттығуының әсер ету тетігі / © Ono T., et al, Bone Research, 2022

0 пікір
Мұрағат