Аса қауіпті вирустарға қарсы ген табылды
Аса қауіпті вирустарға қарсы ген табылды
3 жыл бұрын 1128 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық биологтер маймыл мен тышқаннан ВИЧ, Эбола, т.б. адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті вирустарды мутациясы бұғаттайтын генді тапты. Мұндай ген адамда да кездеседі, алайдa, мутацияға ұшырамаған. Егер оны модификацияласа, бұл жайт өз кезегінде өлімге апарып соқтыратын көптеген вирустық инфекциялармен күресте үлкен жетістік болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада CHMP3 гені турасында сөз болып отыр, ол жасуша процесінде аса маңызды рөл ойнайды: жасуша мембранасының тұтастығын сақтайды, жасушалар арасындағы сигналдардың берілуін және жасушалардың бөлінуін қамтамасыз етеді. Нью-Йорк мегаполисіндегі Юта және Рокфеллер университетінің медицина департаментінің мамандары анықтағандай, тышқан мен маймылда аталмыш геннің retroCHMP3 нұсқасы бар, ол жұққан жасушадан вирустың шығу жолдарын бұғаттап, осылайша көрші жасушаларға жұғу қатерінің алдын алады, яғни, тиісінше өзгерген ақуызды кодтайды. Бұл арада ең алдымен жасуша мембранасына енетін, организмге таралатын ВИЧ, Эбола секілді аса қауіпті вирустар турасында сөз болып отыр. RetroCHMP3 ген нұсқасы бұл процесті тежей алады – ESCRT жолымен: вирус өлгенше ұзақ уақыт бойы жолын бөгейді. Юта жоғарғы оқу орнының баспасөз релизінде келтірілген эволюциялық генетика докторы Нелс Елденің (Nels Elde) айтуынша, бұл ойламаған жерден ашылған жаңалық болды.

0 пікір
Мұрағат